Жаңалықтар

Adobe компаниясының негізін қалаушылардың бірі қайтыс болды

ашық дереккөзі

Adobe компаниясының негізін қалаушылардың бірі қайтыс болды

Чарльз Гешке – PDF форматты жасауға қатысқан, Adobe компаниясының негізін қалаушылардың бірі. Калифорнияда тұратын Чарльз 82 жасында дүниеден өтті. Бұл туралы Adobe компаниясы хабарлады. Чарльз Гешкенің еңбек жолы Калифорния штатына қарасты Пало-Альто қаласындағы Xerox ғылыми-зерттеу орталығында басталған. Ол Xerox компаниясынан 1982 жылы кетіп, Джон Уорнок екеуі Adobe компаниясының негізін қалады. Adobe – компьютерлік бағдарламаларды жасайтын әлемдегі ірі компания. 1982 құрылған, штаб-пәтері Калифорния штатындағы Сан-Хосе қаласында орналасқан. Аталған компания Adobe Flash, Photoshop, Adobe Reader, Portable Document Format (PDF) сынды бағдарламалық жүйлерді жасаумен танымал. 2009 жылы АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама Гешке мен Уорнокты технология мен инновация саласындағы ұлттық медалімен марапаттаған болатын.