Африкада аң аулаған қазақтарды елдегі аңшылар қолдап пікір білдірді

Африкада аң аулаған қазақтарды елдегі аңшылар қолдап пікір білдірді

Африкада аң аулаған қазақтарды елдегі аңшылар қолдап пікір білдірді
ашық дереккөзі
Қазақстанның аңшылық қауымдастық өкілдері Африкада жабайы аңдарды атып, аңшылық құрған әріптестерін қолдап видео түсірді. Кадрлар Instagram-дағы ohotniki_kz парақшасында жарияланды, деп жазды Tengrinews.kz . «Табиғат»  республикалық қауымдастығының вице-президенті Айтуар Туғанбеков бүкіл әлемде аңшылық жануарлардың сирек кездесетін түрлерін сақтауға мүмкіндік беретінін айтты.
«Адамдардың көбі аң аулау, жануарлар дүниесін пайдалану, жануарлар биологиясы деген не екенін түсінбей жатып, бірдеңе жазады.  Шын мәнінде, бұл адамдардың 90 пайызын табиғатқа шын жанашыр деуге келмейді, олар байыбына бармай жатып, байбалам салушылар.  Бүкіл әлемде аң аулау жануарлардың сирек кездесетін түрлерін сақтауға мүмкіндік береді. Жаңсақ пікір жазбас бұрын, зерттеп, әдебиетті оқып, содан кейін бірдеңе жазыңыз. Біздің қауымдастық азаматтарымыздың, аңшыларымыздың заңды құқықтары мен мүдделеріне қысымға жол бермейді және оны БАҚ-та да қорғайды», - деді ол.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ОHOTNIKI.KZ | ОХОТА И РЫБАЛКА (@ohotniki_kz)

Сондай-ақ, жағдайға қатысты «Табиғат» қауымдастығының мүшесі Владимир Корытько пікір білдірді.
«Бұл заңды аңшылық болды. Африкада аң аулау ежелден бар, оған әлемнің түкпір-түкпірінен жыл сайын жүз мыңдаған адам келеді. Онда тұрған ештеңе жоқ. Адамдар осыған уақытын бөлді, ақша төледі. Бұл ақша жануарлардың популяциясын қалпына келтіруге жұмсалады», - дейді Корытько.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ОHOTNIKI.KZ | ОХОТА И РЫБАЛКА (@ohotniki_kz)