Алматыдағы «аждаһа» қиратылып тасталды...

Алматыдағы «аждаһа» қиратылып тасталды...

Алматыдағы «аждаһа» қиратылып тасталды...
ашық дереккөзі
«Бүгін таңертең Алматы қаласындағы Құрманғазы-Достық көшелерінің қиылысында бұрынғы ресторанның қасбетіне орнатылған белгілі суретші Владимира Твердохлебовтың «Аждаһа» («Дракон») атты мозаикасы қиратылып тасталған», − деп хабарлайды tengrinews.kz сайты. Мозаиканың иесі өз туындысының бұзылып тасталуы мүмкін екенін өткен айда білген көрінеді. Себебі ол наурыз айында әлеуметтік желіге «Кеше кешке серуендеп келе жатып, мен Достық даңғылы мен Құрманғазы көшесінің қиылысындағы тай мейрамханасының жазғы кафесінің бұзыла бастағанын байқадым. Бүгін иелерімен сөйлесуге бардым, оларды таба алмадым. Бірақ ол жердің күзетшілеріне телефонымды  қалдырып, басшыларының менімен байланысуын өтіндім. «Аждаһа» мозаикасын мұқият бөлшектеп, сақтауға болады. Мен оны қалай жасау керектігін көрсетемін», -  деп жазған еді бір ай бұрын суретші. Твердохлебов аждаһа бейнеленген панноны 2002 жылы жасаған екен. Енді соны бұзып тастағандарға «варварлық жасады» деп ренжіп отыр. "Егер олар мозаиканы қажет етпесе, онда олар бұл панноны қаланың кез-келген саябағына көшіруге болар еді ғой. Олар маған бұзбаймыз деп уәде берді, енді неге бұлай еткені түсініксіз. Өте өкінішті, мозаика осы қалпында әлі ұзақ жылдарға шыдайтын еді», − деді суретші. Владимира Твердохлебов флоренциялық және римдік мозаика техникасында көп жұмыс істеген әйгілі суретші, монументалист, мүсінші, атақты «Шығыс күнтізбесі» фонтанының авторы. Оның жасаған панелі «Алматы» қонақ үйінің қасбетін әрлеп тұр, сондай-ақ, Ғылым академиясында витраждары мен мозаикалары сақталған.