Қостанай облысында «Nur Otan» партиясы қоғамдық кеңестерінің құрамы бекітілді

Қостанай облысында «Nur Otan» партиясы қоғамдық кеңестерінің құрамы бекітілді

Қостанай облысында «Nur Otan» партиясы қоғамдық кеңестерінің құрамы бекітілді
ашық дереккөзі

14 сәуірде «Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасы, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың төрағалығымен  «Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалы саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті.

Отырыс барысында екі мәселе қаралды:  «Nur Otan» партиясы  Қостанай облыстық филиалының конференциясын шақыру туралы» және «Партия сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша партияның облыстық филиалы төрағаларының құрамын, қоғамдық кеңестердің құрамын, қоғамдық кеңестердің ережелерін бекіту туралы». Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Бюро мүшелерімен 13 мамырда партия облыстық филиалының XXIX есептік-сайлау партиялық конференциясын өткізу туралы шешім қабылданды. Іс-шараға қатысушылар күн тәртібіндегі екінші мәселеге ерекше назар аударды. Елбасы, Партия көшбасшысы Нұрсұлтан  Назарбаевтың тапсырмасымен әр өңір, қала және аудан үшін «Nur Otan» партиясының 217  сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша егжей-тегжейлі жол карталары бекітіліп, оған  жауапты депутаттар мен орындаушылар белгіленді. Жылдарға және нақты іс-шараларға бөлінген 80 мыңнан астам индикаторға қол жеткізу көзделіп отыр. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында партия қоғамдық кеңестерінің жұмысы жүйелі түрде қайта құрылымданды. Бұдан  басқа, Саяси кеңес Бюросының шешімімен таратылған партиялық кураторлар институтының орнына партияның сайлауалды бағдарламасының нақты бағыттарының іске асырылуын бақылау бойынша 14 республикалық қоғамдық кеңес құрылды. «Nur Otan» партиясы облыстық филиал төрағасының айтуынша, облыстық деңгейде барлық деңгейдегі депутаттардың төрағалығымен 12 қоғамдық кеңестер құрылды, олардың құрамына партияның белсенді мүшелері, праймеризге қатысушылар, оның ішінде партиялық тізімдерге кірмегендер, 30% әйелдер мен 20% жастар кірді, этникалық құрам мен қызмет саласы ескерілді. «Партия Лидерінің алға қойған міндеттерін ескере отырып, ең алдымен партияның сайлауалды уәделерінің орындалуына жүйелі бақылау, бюджет қаражатының тиімді және ашық жұмсалуына монинторинг жасау қамтамасыз етіледі», – деп қорытындылады отырысты Архимед  Мұхамбетов.