«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанынан 12 қоғамдық кеңес құрылды

Маңғыстау облысының әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы С.Трұмовтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті.

Бюро отырысында үш мәселе қаралды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Партияның аумақтық филиалдарындағы бастауыш партия ұйымдарының (БПҰ) есептік-сайлау жиналыстарын және партияның аймақтық, аумақтық филиалдарының есептік-сайлау конференцияларын өткізу кестесі бірауыздан бекітілді.

Отырыстың күн тәртібіндегі екінші мәселеде Саяси кеңес Бюросы мүшелерінің ұсыныстары ескеріле отырып, Партияның сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамдары және Ережелері бекітілді.

whatsapp image 2021 04 17 at 18.29.19

Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен әр өңір, қала және аудан үшін «Nur Otan» партиясының 217 сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша егжей-тегжейлі жол карталары бекітіліп, оған жауапты депутаттар мен орындаушылар белгіленді. Бес жылдың ішінде нақты іс-шараларға бөлінген 80 мыңнан астам индикаторға қол жеткізу көзделіп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында партия қоғамдық кеңестерінің жұмысы жүйелі түрде қайта құрылымданды.

Бұдан басқа, Саяси кеңес Бюросының шешімімен таратылған партиялық кураторлар институтының орнына партияның сайлауалды бағдарламасының нақты бағыттарының іске асырылуын бақылау бойынша 14 республикалық қоғамдық кеңес құрылған болатын.

Ал облыстық филиал деңгейінде 12 қоғамдық кеңестер құрылды. Кеңестердің құрамына партияның белсенді мүшелері, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, праймеризге қатысушылар, 30% әйелдер мен 35 жасқа дейінгі 20% жастар еніп, этникалық құрам мен қызмет саласы да ескерілді.

whatsapp image 2021 04 17 at 18.29.20 1

Қазіргі таңда сайлауалды бағдарлама негізінде Маңғыстау облысы бойынша 2021-2025 жылдарға бөлінген 24 индикатор,  148 іс-шаралар және 168 тармақтары бойынша жұмыстар жүргізіліп бастады. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша Бюро мүшелері 2021 жылдың 14  мамырда «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының кезекті ХХХІІІ конференциясын өткізу туралы шешім қабылдады және ұсынылған күн тәртібін бекітті.

Back to top button