Жаңалықтар

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанынан 12 қоғамдық кеңес құрылды

ашық дереккөзі

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанынан 12 қоғамдық кеңес құрылды

Маңғыстау облысының әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы С.Трұмовтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті. Бюро отырысында үш мәселе қаралды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Партияның аумақтық филиалдарындағы бастауыш партия ұйымдарының (БПҰ) есептік-сайлау жиналыстарын және партияның аймақтық, аумақтық филиалдарының есептік-сайлау конференцияларын өткізу кестесі бірауыздан бекітілді. Отырыстың күн тәртібіндегі екінші мәселеде Саяси кеңес Бюросы мүшелерінің ұсыныстары ескеріле отырып, Партияның сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамдары және Ережелері бекітілді. Қазіргі таңда сайлауалды бағдарлама негізінде Маңғыстау облысы бойынша 2021-2025 жылдарға бөлінген 24 индикатор,  148 іс-шаралар және 168 тармақтары бойынша жұмыстар жүргізіліп бастады. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша Бюро мүшелері 2021 жылдың 14  мамырда «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының кезекті ХХХІІІ конференциясын өткізу туралы шешім қабылдады және ұсынылған күн тәртібін бекітті.