Жұмыспен қамту мәселесі оң шешімін тапты
Жұмыспен қамту мәселесі оң шешімін тапты
Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы «Nur Otan» партиясының аудандық филиалына аудан тұрғыны айлық табысы күн көріс деңгейінен артылмайтынын, қазіргі кезде баласы да жұмыссыз екенін айтып, баласының тұрақты жұмысқа орналасуына көмек көрсетуді сұрады.
Өтініш берушінің мәселесі бойынша «Nur Otan» партиясы Әл-Фараби ауданы, Шымкент қалалық маслихатының депутаты Қожамжарова Дария оларды жеке қабылдады. Өтініш беруші тұрғынның баласы «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне» қарасты құрылыс компаниясына сұхбаттасуға шақырылып, тұрақты жұмысқа орналасты.