Партияға өтініш білдірген аз қамтылған отбасына баспана берілді

Партияға өтініш білдірген аз қамтылған отбасына баспана берілді

Партияға өтініш білдірген аз қамтылған отбасына баспана берілді
ашық дереккөзі
"Nur Otan" партиясының Мойынқұм аудандық филиалына аудан тұрғыны өтініш білдірген. Өз өтінішінде жалғызбасты әке 3 бала асырап отырғанын, қолында ата-анасы бар екенін айтып, баспанамен қамтуға байланысты көмек сұрады.  width= Тұрғынның өтініші "Nur Otan" партиясы аудандық маслихаттың депутаты Нұртас Саурықовқа баяндалды.  Аудандық маслихаттың депутаты өтініш иесінің  отбасылық жағдайымен толық танысты. Зерттей келе, 3 баланың әкесінің тұрып жатқан үйі, қирауға шақ қалғаны назарға алынды. Сонымен қатар, Жүзбаев Беріктің қолында қарт әке-анасы бар екені де ескерілді. Нәтижесінде, аудандық маслихаттың депутатының ықпалымен «Aydin Nuri» қорының директоры Мөлдір Ақылбековаға аталған өтініш иесінің мәселесі толық жеткізіліп, мәселе оң шешімін тапты. Мойынқұм ауылы, Желтоқсан көшесінде орналасқан тұрғын үйдің кілті өтініш иесіне табысталды.