Шығыс Қазақстанда жоғалған 5 жасар бала табылды

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері жоғалған 5 жасар баланы тауып, атаанасына қайтарды.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 16 сәуір күні сағат 16:30 шамасында Глубокое аудандық полиция бөліміне хабарласқан әйел баласының жоғалғанын айтып, көмек сұраған.

Өз сөзінде ол сағат 14:30-дан бері 5 жасар ұлының қайда екенін білмейтінін айтты. «Полиция қызметкерлері дереу жоғалған баланы іздеуге кірісті. Бұл ретте іздеуге департаменттің жедел уәкілдері мен қызметтік иттер де жұмылдырылған. Бала ойнап жүрген аумақтағы тұрғын үйлер жіті тексерілді. Елді мекендегі қараусыз қалған ғимараттар да мұқият қаралды», – делінген хабарламада. Нәтижесінде екі сағат ішінде бала табылды. Абырой болғанда, оның денсаулығына ешқандай зақым келмеген. Белгілі болғандай, ата-анасы үй шаруаларымен жүргенде ол көрші баламен ойнап, үйден тым алыстап кеткен екен. «Ұлымды тапқан полиция қызметкерлеріне үлкен рақмет! Жұмыстарыңызға табыс тілеймін», – деді Наталья Кудрявцева.

Back to top button