Алматы облысында табытқа әйелдің фотосын салып кеткен күдікті табылды (видео)

Алматы облысында табытқа әйелдің фотосын салып кеткен күдікті табылды (видео)

Алматы облысында табытқа әйелдің фотосын салып кеткен күдікті табылды (видео)
ашық дереккөзі
Алматы облысында әйелдің фотосы салынған шағын табыт табылды. Әлеуметтік желіде таралып, қызу талқыланып жатқан жағдайды қазір облыстық полиция департаменті тергеу үстінде. Табыт ішіндегі фотода бейнеленген әйелдің туыстары әлеуметтік желіде жазба қалдырған. Онда: «Табыт ішінде қуыршақ жатыр, ал қуыршақтың бетінде менің анамның суреті бар. Біз бұл видеоны көпшілікке жария еткіміз келеді. Мүмкін оны түсірген куәгер табылар. Біз мұндай жағдайға бірінші рет тап болдық, қайда жүгіну керек екенін білмейміз. Сондықтан сіздерден көмек сұраймыз. Бұл жағдай Қарасай аймағында болған деп болжаймыз», – делінген. Ал әлеуметтік желіде пікір жазушылар мұны біреудің қастандықпен жасаған дуасы деп болжауда. Алматы облысының полиция департаменті 15 сәуірде Қарасай аудандық полиция бөліміне 42 жастағы Қаскелең қаласының тұрғыны жазбаша өтінішпен жүгінгенін хабарлады. “Тексеру барысында күдікті анықталды, ол арызданушының 51 жастағы танысы болып шықты. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің “Қорлау” бабы бойынша материал жиналып, сот процессуалдық шешім қабылдау үшін Қарасай аудандық сотына жіберілді”, – деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от КАСКЕЛЕН И КАРАСАЙСКИЙ РАЙОН (@kaskelenkz)