Африкада аң аулап жүрген қазақтардың видеосы елдің ашуына тиді (видео)

Африкада аң аулап жүрген қазақтардың видеосы елдің ашуына тиді (видео)

Африкада аң аулап жүрген қазақтардың видеосы елдің ашуына тиді (видео)
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде "Қазақтар Африкада да аң аулап жүр" деген тақырыпта видео тарады. Видеода екі қазақ азамат және басқа да шетелдік аңшылар жираф атып алғаны көрсетілген. Әлеуметтік желі қолданушыларды жираф атып алған адамның қатыгездігі ашу туғызып отыр. Өйткені аңды атқан адамның қазақша сөйлегені анық байқалады. "Манарбек аға, құтты болсын, керемет! Таза адреналин ғой, мынау", - деп мақтау-мадақ сөздерді жаудырды. Ал олардың қасында гид сынды шетелдік азаматар да жүр. Ол шет тілінде сөйлеп, аң атушының мылтығының астына тіреуіш қойып берді. Айта кетсек, интернеттегі бейресми мәліметтерге сүйенсек, Африкада сафариге шығып, аң аулаудың бір күндік бағасы 550 доллардан (230 мың теңгеден астам) басталады екен.