Әлемдік паспорт индексі бойынша Қазақстан қай деңгейде?

Әлемдік паспорт индексі бойынша Қазақстан қай деңгейде?

Әлемдік паспорт индексі бойынша Қазақстан қай деңгейде?
ашық дереккөзі

«The Henley Passport Index» әлемдік мемлекет азаматтарының төлқұжат рейтингін жариялады. Онда Қазақстан 69 орында тұр.

Азаматтардың жүріп-тұру еркіндігіне негізделген елдер классификатор болып табылатын атаулы компания 2021 жылға арналған паспорт индексін жариялады. Рейтингке сәйкес, Қазақстан азаматтары 75 елге визасыз бара алады немесе сол елге барғаннан кейін виза ауға болады. Компания құрастырған тізім бойынша Жапония тұрғындары 193 елге визасыз бару мүмкіндігімен көш бастап тұр. Кейінгі орында Сингапур азаматтары 192 елге визасыз баралса, одан кейінгі шепте Германия жайғасқан (189). Орталық Азия елдерінің көрсеткіші бойынша Қазақстан 69 орында (75 ел), 79 орында Қырғызстан (63 ел), Тәжікстан 84 орында (58 ел), Өзбекстан 85 орында (57 ел), Түркіменстан 89 орында (53 ел).