Африкада аштық пен ауру қаупі төніп тұр

Африкада аштық пен ауру қаупі төніп тұр

Африкада аштық пен ауру қаупі төніп тұр
ашық дереккөзі
Африкада 100 миллионнан астам адам азыққа зәру. Бұл туралы Түркияның ТРТ арнасы мәлімдеді. Мәліметке сәйкес, Африкада 100 миллионнан астам адам «апат деңгейінде» азық тапшылығына ұшырап отыр. Ал халықаралық "Қызыл жарты ай" және "Қызыл крест" ұйымының деректеріне қарағанда, құрлықтағы қақтығыстар, қауіпсіздік проблемалары, шегіртке "шабуылы", климат өзгерістері, су тасқыны, экономикалық қиыншылықтар және азық-түлік дағдарысы аштық жағдайын асқындыруда. Оған қоса коронавирус пандемиясы да аталмыш проблеманы ушықтырып отыр.
Азық-түлік дағдарысымен ең көп арпалысып отырған аймақтар – Оңтүстік Судан, Сомали, Эфиопияның Тиграй аймағы, Чад көлі қойнауы, Буркина Фасо, Мали және Нигер.