Балқаш қаласы маңында ұшақ құлады

Балқаш қаласының авиациялық оқу орталығында СУ-30 СМ көпфункционалды жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Бұл жөнінде Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарламада 2021 жылғы 16 сәуірде сағат 20:45 шамасында оқу-жаттығу ұшуларын жүргізу кезінде Балқаш қаласының оқу авиациялық орталығына қону сәтінде СУ-30 СМ көпфункционалды жойғыш апатқа ұшырағаны айтылған.

«Ұшақ экипажы шығарылды. Ұшқыштар аман және медицина қызметкерлерінің бақылауында. Қазіргі уақытта болған оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы тергеу комиссиясы ұшақ құлаған жерге жіберілді», – деді департамент.

Бортта екі экипаж мүшесі болған, олар аман екені айтылады. Экипаж мүшелері Х.Ж. Макажанов атындағы клиникаға жеткізілген.

Back to top button