Елордада 600 мың тұрғын вакцина алса, вирусты жұқтыру қаупі болмайды

Қазір бізде 49 мың адам бірінші компонентпен вакцинацияланды. Осылайша 50 мың адам 1 мамырға дейін иммундалған болады, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Кеңес барысында қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов тұрғындарды жаппай вакцинациялау қалай жүргізіліп жатқаны жайлы баяндады.

«Бүгінгі таңда қалада 100-ден астам пунктте вакцинация жүргізілуде. Біз күніне 5 мыңнан астам адамды вакцинациялаймыз. Қазір бізде 49 мың адам бірінші компонентпен вакцинацияланды. Осылайша 50 мың адам 1 мамырға дейін иммундалған болады. Халықтың белсенділігі жаман емес. Біз сондай-ақ ұйымдастырылған ұжымдарға көшпелі бригадамен барып, сол жерде вакцинациялай аламыз», — деді Т.Мұратов.

Ол сондай-ақ емханалардан басқа халықты вакцинациялау «Mega Silk Way» СОО-да жүргізіліп жатқанын айтып өтті. Жақын арада мұндай пункттер «Хан Шатыр», «Керуен» СОО-ларында ашылады.

«Жыл сайын тұмауға қарсы вакцинаны 130 мың тұрғынға саламыз, бұл — ең осал контингент. Осылайша, бізде қыстыгүні тұмау эпидемиясы болмайды. Бұл жағдайды бақылауда ұстаймыз. Егер қазір коронавирусқа қарсы 300 мың вакцина салсақ, ауру деңгейі төмендер еді. Ал 600 мың қала тұрғыны вакцинацияланған кезде жұқтыру қаупі болмайды», — деді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Back to top button