Партия бағдарламасының сапалы орындалуын жастар да бақылай алады

Партия бағдарламасының сапалы орындалуын жастар да бақылай алады

Партия бағдарламасының сапалы орындалуын жастар да бақылай алады
ашық дереккөзі
Павлодарда «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасының 12 бағыты бойынша қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді.  width= 16 сәуірде өткен «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысында аймақ басшысы, партияның облыстық филиалының төрағасы Әбілқайыр Сқақовтың төрағалығымен онлайн режимінде 12 кеңес ұсынылды, олардың құрамына қоғамдық пікір көшбасшылары, сарапшылар, жұмысшы жастар, өз салаларындағы проблемаларды жақсы білетін кәсіпқойлар кірді. Олардың барлығы жоғары кәсібилікке және беделге ие. Мәселен «Nur Otan» Павлодар облыстық филиалы жанындағы Саяси кеңес Бюросының шешімімен өңірлік даму жөніндегі кеңестің төрағалары - Динара Айтжанова, экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі кеңес - Серік Сәдуақасов, экологиялық кеңес - Ирина Чидунчи, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес - Мұрат Хамитов, аграрлық секторды дамыту жөніндегі кеңес - Сайлау Оразбаев, партиялық бақылау комитетінің төрағаласы - Олег Костенко бекітілді. Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі кеңестің басшылары – Марина Стрелковская, «Miras» кеңесі - Жарқынбек Амантай, ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі кеңес – Света Әбдраманова, жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі кеңес - Гүлнар Қайдарова, білім мен ғылымды дамыту жөніндегі кеңес – Бақыт Бексеитова, жастарды қолдау жөніндегі кеңес – Мирхат Мұсанап болып бекітілді. Саяси кеңес Бюросының отырысында сөз сөйлеген өңірлік филиал төрағасы Әбілқайыр Сқақов кеңестердің қызметі Сайлауалды бағдарламаны тиімді қамтамасыз етуге бағытталғанын ерекше атап өтті.
- Бүгінде партияның қоғамдық кеңестерінің жұмысы жүйелі түрде қайта форматталды. Кеңестердің құрамы мұқият құрылды. Бірінші кезекте партияның сайлауалды уәделерінің орындалуына жүйелі бақылау қамтамасыз етіледі, - деп атап өтті өз сөзінде партияның өңірлік филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко.
Кеңес жұмысына праймериз қатысушылары, өңірдің белсенді жастар да кірді, бұл жаңа тәжірибе мен әлеуметтік лифт үшін тамаша мүмкіндік береді.
- Мен жастарды қолдау жөніндегі кеңестің құрамына кірдім. Бүгін біз, жастар аймақтағы жастарды жан-жақты қолдау бойынша көптеген индикаторлардан тұратын партия бағдарламасының сапалы іске асырылуын бақылауға ниеттіміз, - деді Саяси кеңес Бюросының мүшесі Ғабит Хафиз.
Айта кетейік, жиналыс барысында есеп беру-сайлау науқанын өткізу мерзімі бекітілді. 19-29 сәуір аралығында бастауыш партия ұйымдарында жиналыстары, 26-28 сәуір аралығында аумақтық филиалдардың есеп беру-сайлау конференциялары, ал 11 мамырда өңірлік конференция өтеді.