Елімізде екі әуежай уақытша жабылады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі әуежайларды дамыту және жаңғырту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.

Кеңесте Шымкент, Орал, Өскемен, Үржар және Үшарал қалаларындағы инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысы талқылады. Сондай-ақ, Түркістан әуежайының маршруттық желісін арттыру бойынша алдағы жоспарлар қаралды, деп хабарлады азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар жазда Өскемен және Үржар әуежайларын күрделі жөндеуден өткізуге жабылады.

Шығыс Қазақстан облысында бір мезгілде Өскемен және Үржар әуежайларында ұшу-қону жолақтарын қайта жаңарту бойынша екі жоба іске асырылып жатыр. Қайта жаңартудан кейін Өскемен әуежайы қазақстандық және шетелдік авиакомпаниялар пайдаланатын B767, 737, 757, A-320, A-321 әуе кемелерін қабылдай алады. Қайта жаңартудан кейін Үржар әуежайы заманауи Embraer 190, BombardierQ-400, CRJ-200 реактивті және турбовинтті әуе кемелерін қабылдай алады, бұл жазғы маусымда Алакөлге келетін туристер ағынын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қаражат бөлінген жағдайда, Үшарал әуежайының ұшу-қону жолағын да қайта жаңарту жоспарланып отыр.

Back to top button