Оңдасын Оразалин: Қоғамдық кеңесте жастарға басымдық берілуі тиіс

Оңдасын Оразалин: Қоғамдық кеңесте жастарға басымдық берілуі тиіс

Оңдасын Оразалин: Қоғамдық кеңесте жастарға басымдық берілуі тиіс
ашық дереккөзі
Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының Саяси кеңесі Бюросының отырысында Өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді.  width= Отырыс барысында аймақ басшысы облыстық партия филиалының облыс көлемінде атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып өтті. Оңдасын Оразалин құрылған кеңестердің алдында сарапшылар қауымдастығын өзекті әлеуметтік мәселелерді ашық талқылауға тарту, сондай-ақ азаматтық бастамаларға қолдау көрсету міндеті тұрғанын да айтып өтті.
- Ақтөбе облысы бойынша 12 өңірлік қоғамдық кеңес құрылды. Бұл Кеңестер азаматтық қоғамның белсенді бөлігіне өзекті тақырыптарды талқылау үшін сарапшылық және диалог алаңын ұсынуы қажет. Сонымен бірге, толыққанды пікір алмасуды қамтамасыз етуге және «халық үніне құлақ асатын мемлекет» құралына айналуға тиіс. Кеңес құрамы жаңартылып, өңірімізде түрлі саяси-қоғамдық, әлеуметтік жұмыстарға белсене атсалысып, үн қосып жүрген жастарға басымдық берілуі тиіс, - деді облыс әкімі.
Партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұлов осындай жұмыстар қалада және аудандарда қолға алынғанын айтты. Алдағы уақтытта Ақтөбе қаласында 10 кеңес, ал аудандардың әрқайсысында 9 кеңес жұмыс істейді. Жалпы Бюро отырысында партия ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстарының және өңірлік, аумақтық партия филиалдарының есеп беру-сайлау конференцияларының өткізу кестелері бекітілді. Партияның облыстық филиалының кезекті есеп беру-сайлау конференциясын шақыру туралы мәселелер де қаралды. Бастауыш партия ұйымдарының жиналысы 19-23 сәуір аралығында, ал аумақтық филиалдар және облыстық филиал конфренециялары 26 сәуір-15 мамыр аралығында өтеді деп жоспарланып отыр. Отырыс соңында аймақ басшысы бюро мүшелеріне партияның сайлауалды бағдарламасында көтерілген барлық мәселелердің уақытылы әрі сапалы орындалуын бақылауда ұстауды тапсырды.