80 жастағы зейнеткерді полицейлер екі рет ажалдан арашалап қалды (видео)

80 жастағы зейнеткерді полицейлер екі рет ажалдан арашалап қалды (видео)

80 жастағы зейнеткерді полицейлер екі рет ажалдан арашалап қалды (видео)
ашық дереккөзі
Түркістан қаласының 80 жастағы тұрғыны учаскелік полиция инспекторларына екі рет құтқарылған өмірі үшін алғыс білдірді. Бұл туралы Polisia.kz бағдарламасының кезекті шығарылымында айтылды. Райхан Құрбанбаева Түркістанда тұрады. Қарт әйелдің жалғыз ұлы жайылымда жұмыс істейді, мал бағады. Әженің өзі көп уақытын жалғыз өткізеді. Қажет болған жағдайда зейнеткер учаскелік инспекторлардың көмегіне жүгінеді. Учаскелік инспекторлар Марат Жұмабеков пен Мақсат Тұрсынбекұлы қарт әйелге қарайласып жүреді. Әже үйдегі плитаны қосулы күйінде қалдырып, өзі моншаға кеткенде де полицейлер көмекке келген. Пәтерге балкон арқылы кіріп, өрттің алдын алған болатын. Ал бұл жолы полиция қызметкерлерін Райхан Құрбанбаеваның көршілері шақырды. Пәтердің табалдырығын аттаған қызметкерлер газдың иісін сезді. Ақаулықты анықтап, арнайы мамандарды шақырды. Тәртіп сақшылары газ қызметкерлері жұмысын бітіргенге дейін зейнеткермен бірге болып, мұндай оқиғаның алдын алу үшін оған барлығын егжей-тегжейлі түсіндірді. https://www.youtube.com/watch?v=VfFc4BTta9w&t=1s
«Учаскелік инспекторлар Марат пен Мақсат апаттық газ қызметін шақырып берді. Менімен бір сағаттай отырып, барлығын түсіндіріп, көмектесті. Оларға алғысымды айтамын. Полицейлер өз жұмыстарын абыроймен атқаруда. Әрдайым көмекке келеді», – деді Райхан Құрбанбаева.
Учаскелік инспектор Мақсат Тұрсынбекұлының айтуынша, олардың учаскесі – қаладағы халық тығыз орналасқан учаскелердің бірі. Мұнда 28 мыңнан астам адам тұрады, мектептер, ауруханалар, базарлар мен автовокзалдар бар. «Біз адамдармен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Адамдар біздің ұялы телефондарымыздың нөмірлерін біледі. Олар бізге қажет кезде бірден қоңырау шалады. Біз оларға көмектесуге әрқашан дайынбыз», – деп атап өтті учаскелік полиция инспекторлары.