Даниал Ахметов: Кеңестердің жұмысы азаматтардың өтініштеріне негізделеді

Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындалуын қадағалайтын 12 өңірлік қоғамдық кеңестің құрамы бекітілді.

Партия Лидерінің алға қойған міндеттерін ескере отырып, ең алдымен партияның сайлауалды уәделерінің орындалуына жүйелі бақылау, бюджет қаражатының тиімді және ашық жұмсалуына монинторинг жасауды қамтамасыз етеді.

Кеңестердің міндетіне сайлау алды бағдарламада берілген уәделердің нақты уақытылы орындалуын қадағалау кіреді. Кеңестердің жұмысы қоғамдық пікірді ескеріп, сондай-ақ партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне азаматтардан түскен өтініштерге жасалған талдауға негізделе отырып, жария түрде жүргізіледі», – деді партияның облыстық филиалы төрағасы, облыс әкімі Даниал Ахметов.

«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы Саяси кеңесінің бюросында өңірлік Қоғамдық кеңестер төрағаларының кандидатуралары мен құрамы бекітілді:

  1. «Өңірлік партиялық бақылау комиссиясы»,
  2. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік Қоғамдық кеңес»,
  3. «Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңесі»,
  4. «Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі өңірлік кеңес»,
  5. «Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі өңірлік кеңес»,
  6. «Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі өңірлік кеңес»,
  7. «Аграрлық секторды дамыту жөніндегі өңірлік кеңес»,
  8. «Жастарды қолдау жөніндегі өңірлік өңірлік кеңес»,
  9. «Аймақтық қоғамдық экологиялық өңірлік кеңес»,
  10. «Өңірлік даму жөніндегі Қоғамдық кеңес»,
  11. «MIRAS» өңірлік кеңесі
  12. «Экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі өңірлік Қоғамдық кеңесі»

Аталған кеңестердің құрамына депутаттар мен партияның белсенді мүшелерінен басқа үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, талдаушылар, жалпы қоғамдық пікір көшбасшылары кірді.
Сонымен қатар Саяси кеңес Бюросының отырысында бастауыш партия ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстарын өткізу кестесі және партия филиалдарының есеп беру-сайлау конференцияларын өткізу кестесі бекітілді. Оларды өткізу кезінде саяси кеңес пен оның Бюросының, бақылау-тексеру комиссиясының және бастауыш партия ұйымдары бюросының құрамдары партия филиалдарының сайланбалы органдарының өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты қайта сайланатын болады.

Back to top button