Қазақстанда -12 градусқа дейін аяз болады

Қазақстанда -12 градусқа дейін аяз болады

Қазақстанда -12 градусқа дейін аяз болады
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» 17-19 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы 2-3 күнде Қазақстанда -12 градусқа дейін аяз болады. Метеорологтардың мәліметінше, еліміздің басым бөлігінен атмосфералық ауа ағынының әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Өңірлерде жаңбыр жауады. «19 сәуірде солтүстік және орталық аймақтарды Скандинавия түбегінен келетін суық антициклон басып, жаңбыр соңы қарға ұласады. Ауа температурасы түнде 5-12 градусқа дейін төмендейді. Көктайғақ, бұрқасын болуы мүмкін. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, елдің оңтүстік жартысында күн күркірейді», – дейді синоптиктер.