Жамбыл облысында сайлауалды бағдарламалардың орындалуын 10 қоғамдық кеңес бақылауға алады
Жамбыл облысында сайлауалды бағдарламалардың орындалуын 10 қоғамдық кеңес бақылауға алады
Жамбыл облысындағы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың Жол картасының орындалуын жаңадан құрылған 10 қоғамдық кеңес бақылайтын болады.
Кеңестің 127 мүшесі бар, олардың 39 пайызы әйелдер болса, 21 пайызы 35 жасқа дейінгі жастардан құралған.
Кеңестерді жасақтауда олардың мүшелігіне үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерін және азаматтық қоғам өкілдерін көптеп тартуға мән берілді. Бұл санаттағы тұлғалардың үлесі 26 пайызға тең. Қоғамдық кеңестердің мүшелігіне азаматтық қоғам өкілдерін көптеп тарту принципін қоғамдық кеңестердің, партияның жұмысындағы жариялылықты қамтамасыз етудің алғышарты деп тануымыз қажет. Мұнан бөлек кеңестердің құрамында ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, өндіріс саласы өкілдерінің де үлесі басым.
Сонымен қатар кеңеске партияішілік праймериздің 19 қатысушысы және партия резерінен 11 адам мүшелікке өтті. Кеңес құрамдарын партияның облыстық мәслихаттағы депуттық фракция мүшелері де толықтырды, – деді партия облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д. Бейсенқұлов. Өз кезегінде Бюро мүшелері кеңес төрағалары, олардың құрамы мен ережесін бекітуге бірауыздан дауыс берді.
Саяси кеңесі Бюросының отырысында партия облыстық филиалының XXVIII есеп беру-сайлау конференциясын шақыру мәселесі де қойылды. Бюро мүшелерінің ортақ шешімімен саяси маңызы зор шара 5 мамырда өтетін болып бекітілді.
Жиынды қорытындылаған облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы Бердібек Сапарбаев жаңадан құрылған кеңестерге зор жауапкершілік артылғанын тілге тиек етіп, олардың жұмысынан жоғары сапа мен оң нәтиже күтілетіні жеткізді.