Жамбыл облысында сайлауалды бағдарламалардың орындалуын 10 қоғамдық кеңес бақылауға алады

Жамбыл облысындағы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың Жол картасының орындалуын жаңадан құрылған 10 қоғамдық кеңес бақылайтын болады.

whatsapp image 2021 04 16 at 14.37.19

Бұл туралы облыс әкімі, «Nur Otan»  партиясы облыстық филиалының төрағасы Бердібек Сапарбаевтың қатысумен өткен Саяси кеңесі Бюросының отырысында айтылды. Жиында барлық қоғамдық кеңестің құрамы, төрағалары  және ережелері бекітілді.

Бердібек Сапарбаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы партияның сайлауалды бағдарламасының маңыздылығына тоқталды.

Жеті негізгі басымдықтан тұратын өңірлік сайлауалды бағдарламаларды іске асырудың Жол картасын орындау әрқашан облыс әкімдігінің басты назарында. Бағдарлама жүктеген маңызды міндеттерді жүзеге асыруға менің орынбасарым Талғат Мамаев жетекшілік ететін жұмысшы топ жауапты. Бұл топқа жергілікті атқарушы органдардың басшылары, аудан және Тараз қаласының әкімдері мүшелікке өткен. Партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру барысы апта сайын арнайы кеңесте қаралып, ондағы өзекті мәселелерге назар аударылады. Ендігі кезекте осы жұмыстарға қоғамдық бақылау жүргізу үшін партия облыстық филиалы жанынан қоғамдық кеңестер өз жұмысын бастағалы тұр, – деді Бердібек Машбекұлы.

Бюро мүшелеріне жаңадан құрылған қоғамдық кеңестердің төрағаларын, сапалық-сандық құрамын «Nur Otan»  партиясы облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Дауыл Бейсенқұлов таныстырды.

Бұл қоғамдық кеңестер өңірдегі партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» деп аталатын сайлауалды бағдарламасының басымдықтарының өз деңгейінде жүзеге асырылуына қоғамдық бақылау жүргізеді. Жекелеген салалар бойынша қолданыстағы заңнамаларды жетілдіру, оларға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныс айтады.

whatsapp image 2021 04 16 at 14.37.20

Кеңестің 127 мүшесі бар, олардың 39 пайызы әйелдер болса, 21 пайызы 35 жасқа дейінгі жастардан құралған.

Кеңестерді жасақтауда олардың мүшелігіне үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерін және азаматтық қоғам өкілдерін көптеп тартуға мән берілді. Бұл санаттағы тұлғалардың үлесі 26 пайызға тең. Қоғамдық кеңестердің мүшелігіне азаматтық қоғам өкілдерін көптеп тарту принципін қоғамдық кеңестердің, партияның жұмысындағы жариялылықты қамтамасыз етудің алғышарты деп тануымыз қажет. Мұнан бөлек кеңестердің құрамында ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, өндіріс саласы өкілдерінің де үлесі басым.

Сонымен қатар кеңеске партияішілік праймериздің 19 қатысушысы және партия резерінен 11 адам мүшелікке өтті. Кеңес құрамдарын партияның облыстық мәслихаттағы депуттық фракция мүшелері  де толықтырды, – деді партия облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д. Бейсенқұлов.  Өз кезегінде Бюро мүшелері кеңес төрағалары, олардың құрамы мен ережесін бекітуге бірауыздан дауыс берді.

Саяси кеңесі Бюросының отырысында партия облыстық филиалының XXVIII есеп беру-сайлау конференциясын шақыру мәселесі де қойылды. Бюро мүшелерінің ортақ шешімімен саяси маңызы зор шара  5 мамырда өтетін болып бекітілді.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі, «Nur Otan»  партиясы облыстық филиалының төрағасы Бердібек Сапарбаев жаңадан құрылған кеңестерге зор жауапкершілік артылғанын тілге тиек етіп, олардың жұмысынан жоғары сапа мен оң нәтиже күтілетіні жеткізді.

Back to top button