Атырау қаласының тұрғынынан бір тоннаға жуық бекіре тәркіленді

Атырау қаласының тұрғынынан бір тоннаға жуық бекіре тәркіленді

Атырау қаласының тұрғынынан бір тоннаға жуық бекіре тәркіленді
ашық дереккөзі
Атыраулық полицейлер арнайы операция барысында бір тоннаға жуық бекіре балығын тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz. Атырау облысы ПД 15 сәуірде "Бекіре-2021" арнайы операциясының нәтижесінде Атырау қаласы тұрғынының үйінен бір тоннаға жуық (247 дана) бекіре тұқымдас балық түрлерін тәркіледі.
— Аталған қылмысты жасаған күдікті - 25 жастағы азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 339-бабы "Сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.