Атырау қаласының тұрғынынан бір тоннаға жуық бекіре тәркіленді

Атыраулық полицейлер арнайы операция барысында бір тоннаға жуық бекіре балығын тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы ПД 15 сәуірде «Бекіре-2021» арнайы операциясының нәтижесінде Атырау қаласы тұрғынының үйінен бір тоннаға жуық (247 дана) бекіре тұқымдас балық түрлерін тәркіледі.

— Аталған қылмысты жасаған күдікті – 25 жастағы азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 339-бабы «Сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Back to top button