Атырау қаласының тұрғынынан бір тоннаға жуық бекіре тәркіленді
Атыраулық полицейлер арнайы операция барысында бір тоннаға жуық бекіре балығын тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысы ПД 15 сәуірде "Бекіре-2021" арнайы операциясының нәтижесінде Атырау қаласы тұрғынының үйінен бір тоннаға жуық (247 дана) бекіре тұқымдас балық түрлерін тәркіледі.
— Аталған қылмысты жасаған күдікті - 25 жастағы азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 339-бабы "Сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.