Түркістан: 12 қоғамдық кеңес сайлауалды бағдарламаны жүргізуге белсенді қатысады

Түркістанда «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы Саяси кеңесі бюросының мәжілісі өтті. Мәжіліске Түркістан облысының әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев төрағалық етті.

whatsapp image 2021 04 16 at 14.10.03 2

Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Оның біріншісі – бастауыш партия ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстары және аймақтық, аумақтық партия филиалдарының есеп беру-сайлау конференцияларын өткізу кестелерін бекіту. Екінші мәселе бойынша Партияның сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша өңірлік Қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамдарын, ережелерін бекітудің жай-жапсары сарапталды.
Сонымен бірге «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезекті XLI есеп беру-сайлау конференциясын шақыру мәселесі де талқыланды. Бюро мүшелері аталған жоспарларды бекітіп, қаулы қабылданды. Осыған сәйкес, 19-23 сәуір аралығында бастауыш партия ұйымдарының кезекті есеп беру-сайлау жиналыстары, 26-30 сәуір аралығында партияның аумақтық филиалдарында кезекті есеп беру-сайлау конференциялары онлайн режимде өтетін болды.

whatsapp image 2021 04 16 at 14.10.03 1

Облыс әкімі, партия филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар күшейетінін айтты. Осыған байланысты партия филиалы жанындағы Коғамдық кеңестердің саны артып, құрамына өңірге беделді азаматтар енгізілгенін жеткізді.
«Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы жанынан 12 қоғамдық кеңес құрылып отыр. Олардың құрамына өңірге, республикаға танымал, іскер, отаншыл 128 азамат енгізіліп отыр. Жаңадан құрылған қоғамдық кеңестер облыс бойынша сайлауалды бағдарламасының орындалуын қадағалап, өзекті мәселелердің мерзімінде шешілуіне өз үлестерін қосады деп сенеміз», – деді Өмірзақ Естайұлы.
«Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев партия алдында елге берген уәделерді орындап, сайлаушылардың сенімін ақтау – басты міндет екеніне тоқталды.

whatsapp image 2021 04 16 at 14.10.02
«Партия жанынан құрылған қоғамдық кеңестер идеялар мен пікірлер тоғысатын, өзекті мәселелер көтерілетін алаңға айнала білді. Бағдарламалар мен жоспарлардың сапалы орындалуын бақылап, керек кезінде атқарушы органдарға маңызды ұсыныстарын бере білетін мұндай кеңестер азаматтық қоғамды дамытуға да ықпалын тигізіп келеді», – деген ол облыстық филиал жанындағы қоғамдық кеңес төрағаларымен таныстырды.
Қоғамдық кеңестер облыстық мәслихаттың депутаттары, партиялық кадрлық резевте тұрған кандидаттар, қоғам және партия белсенділері, зиялы қауым, қоғамдық пікір көшбасшылары, табиғат жанашырлары, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ, білім, медицина және өзге де сала өкілдерінен құралған.
Түркістан облысы бойынша партия филиалдары жанынан 146 қоғамдық кеңес құрылған. Оның 12-сі облыстық партия филиалы жанынан құрылса, қалған 134-і аумақтық филиалдарда жұмыс істейді.
Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев өңірде партияның Жол картасы бойынша жұмыстар жоспарға сәйкес атқарылып жатқанын, сайлауалды бағдарламаны орындау партия бақылауында екенін жеткізді.
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысын дамыту бағытындағы жұмыс қарқының бәсеңдетпеуді тапсырып, мәжілісті қортындылады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Back to top button