Түркістан: 12 қоғамдық кеңес сайлауалды бағдарламаны жүргізуге белсенді қатысады
Түркістан: 12 қоғамдық кеңес сайлауалды бағдарламаны жүргізуге белсенді қатысады
Түркістанда «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы Саяси кеңесі бюросының мәжілісі өтті. Мәжіліске Түркістан облысының әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев төрағалық етті.
Облыс әкімі, партия филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар күшейетінін айтты. Осыған байланысты партия филиалы жанындағы Коғамдық кеңестердің саны артып, құрамына өңірге беделді азаматтар енгізілгенін жеткізді.
«Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы жанынан 12 қоғамдық кеңес құрылып отыр. Олардың құрамына өңірге, республикаға танымал, іскер, отаншыл 128 азамат енгізіліп отыр. Жаңадан құрылған қоғамдық кеңестер облыс бойынша сайлауалды бағдарламасының орындалуын қадағалап, өзекті мәселелердің мерзімінде шешілуіне өз үлестерін қосады деп сенеміз», – деді Өмірзақ Естайұлы.
«Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев партия алдында елге берген уәделерді орындап, сайлаушылардың сенімін ақтау – басты міндет екеніне тоқталды.