Жол бойында төбелес шығарған жүргізушілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Жол бойында төбелес шығарған жүргізушілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Жол бойында төбелес шығарған жүргізушілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
ашық дереккөзі
Елордадағы жол бойында болған төбелес үшін жүргізушілер жазаланды, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті. Мониторинг барысында Бөгенбай батыр даңғылы бойында «Газель» және «Мерседес» маркалы автокөліктерінің жүргізушілері арасында болған төбелес фактісі анықталды. Жүргізушілердің бір-біріне жол бермей, ерсі әрекеттер көрсетуі жанжалдың туындауына себеп болған. Төбелескендердің барлығы анықталып, полицияға жеткізілді. Бұл факт бойынша «Бұзақылық» бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті жүргізушілерді қоғамдық тәртіпті бұзбауға, апатты жағдай туғызбауға және көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтірмеуге шақырады.