Жол бойында төбелес шығарған жүргізушілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Елордадағы жол бойында болған төбелес үшін жүргізушілер жазаланды, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті.

Мониторинг барысында Бөгенбай батыр даңғылы бойында «Газель» және «Мерседес» маркалы автокөліктерінің жүргізушілері арасында болған төбелес фактісі анықталды.

Жүргізушілердің бір-біріне жол бермей, ерсі әрекеттер көрсетуі жанжалдың туындауына себеп болған. Төбелескендердің барлығы анықталып, полицияға жеткізілді.

Бұл факт бойынша «Бұзақылық» бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті жүргізушілерді қоғамдық тәртіпті бұзбауға, апатты жағдай туғызбауға және көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтірмеуге шақырады.

Back to top button