Отандық кинематографтар шетелдіктермен бірлескен 3 фильм түсіріп жатыр

Отандық кинематографтар шетелдіктермен бірлескен 3 фильм түсіріп жатыр

Отандық кинематографтар шетелдіктермен бірлескен 3 фильм түсіріп жатыр
ашық дереккөзі
Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов мәліметінше, шетелдік және халықаралық кинокомпаниялар біздің еліміздің кино нарығына қызығушылық танытуда. Қазақстандық кинематографтар шетелдік әріптестерімен бірлескен 3 жобаны қолға алды. «Қазіргі таңда «Спасение в степи» (Қазақстан – Испания), «Өліара» (Қазақстан – Венгрия), «Көкбозат» (Қазақстан – Ресей) бірлесіп шығарылатын киножобалар өндірісте екенін атап өтеміз. Айта кету керек, бұл мемлекет тарапынан қаржылық қолдауға үмітті болған көптеген бірлескен өндіріс киножобаларының ішіндегі ең үздіктері болып табылады», – деді вице-министр.