Әлемдік автоспорттың жұлдыздары Қазақстанға келеді

Әлемдік автоспорттың жұлдыздары Қазақстанға келеді

Әлемдік автоспорттың жұлдыздары Қазақстанға келеді
ашық дереккөзі
Қазақстанда раллиден Әлем кубогі өтеді. Бұл туралы «Astana Motorsports» командасының капитаны Артур Ардавичус мәлім етті.  «Бүгін міне, Қазақстанда Әлем кубогінің кезекті кезеңі өткізілетіні туралы шешім қабылданды. Бұл әлемдік автоспорт үшін үлкен жаңалық»,-деді ол ОКҚ-де өткен бәспасөз мәслихатында. Сонымен қатар ол жыл сайын әлемнің түрлі құрлықтарында ақпан мен қазан айлары аралығында Әлем кубогінің 9-10 кезеңі өтетіндігін жеткізді. «Мысырда қалыптасқан жағдайларға байланысты жарыс Қазақстанда өткізілетін болды. Қазақстан осы жарыс жолында екі жыл еңбектенді. Халықаралық байқаушылардың қатысуымен Кубок алдындағы бәсекені де ұйымдастырды. Біздің форматымыз жарап тұр, біз оны жетілдірдік және ол нағыз Әлем кубогі болады, мұнда барлық жұлдыздар жиналады», - деп қосты команда каптитаны. «Мен осымен 6 сыннан өттім. Осы ретте мен әрбір сынның барған сайын спорттық мәдениетті жетілдіре түсіп, жарысқа деген қызығушылықты арттыра түсетінін айтқым келеді. Бұл бәсеке әлемде қалыптасқан бренд және оның Қазақстан аймағында өтетіндігі де көңілге жылу ұялатады. Бұл жерде шын мәніндегі күрделі де қызықты ралли-рейд өткізу үшін барлық шарттар бар. Бүгінде Жібек жолы Дакардың үлкен бәсекелесі деуге болады. Болашақта осы жерде Дакар да Жібек жолы да ұйымдастырылуы мүмкін», - деді ол.