Қазақстандық боксшы қыз Франция чемпионын нокдаунға түсірді

Қазақстандық Айшагүл Елеубаева Польшаның Кельц қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Айшагүл өзінің француз қарсыласын төрт рет нокдаунға түсірді, – деп жазды Sports.kz.

1/8 финалында 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Елеубаева жасөспірімдер арасындағы Франция чемпионы Зое Куверсельмен кездесіп, оған айқасуға еш мүмкіндік қалдырмады.

Жекпе-жек барысында Айшагүл төрт рет қарсыласын нокдаунға жіберді, төртіншісінен кейін төреші қазақстандық боксшының мерзімінен бұрын жеңгенін хабарлады.

Осылайша Айшагүл Елубаева 2021 жылғы Жастар арасындағы ӘЧ-да ширек финалға шықты.

Сондай-ақ бұл турнирге Қазақстан қыздар құрамасынан Арайлым Марат (48 келі), Гүлнар Тұрапбай (51 келі), Назерке Серік (51 келі), Жұлдыз Шаяхметова (60 келі), Милана Аюпова (64 келі), Жасмин Қизатова (69 келі), Дана Дидай (75 келі), Әсел Сағатова (81 келі) және Елдана Тәліпова (+81 келі) жолдама алды.

Back to top button