Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға өтінім қабылдау басталды
Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға өтінім қабылдау басталды
«Ұлттық тестілеу орталығының» мәліметінше, өтінім қабылдау app.testcenter.kz сайтында 15 сәуір сағат 17.00-де басталды және бос орындар аяқталғанға дейін жалғасады.
Тіркелу кезінде ҰБТ тапсыратын күнді, уақытын және өтетін орнын өз еркімен таңдауға болады.
15 сәуірден бастап ҰБТ тапсыру үшін бірінші мүмкіндіктің датасын, ал 1 мамырдан бастап екінші мүмкіндіктің датасын таңдау мүмкіндігі беріледі.
Тестілеудің өзі 25 сәуір – 30 маусым аралығында өтеді. Бұл кезеңде ҰБТ-ға 2 рет қатысуға болады және жинаған ең жоғары балмен білім беру грантын тағайындау конкурсына түсе аласыз.
2021 жылдың мектеп түлектері ҰБТ-ға тегін қатысады.