Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға өтінім қабылдау басталды

Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға өтінім қабылдау басталды

Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға өтінім қабылдау басталды
ашық дереккөзі
«Ұлттық тестілеу орталығының» мәліметінше, өтінім қабылдау app.testcenter.kz сайтында 15 сәуір сағат 17.00-де басталды және бос орындар аяқталғанға дейін жалғасады. Тіркелу кезінде ҰБТ тапсыратын күнді, уақытын және өтетін орнын өз еркімен таңдауға болады. 15 сәуірден бастап ҰБТ тапсыру үшін бірінші мүмкіндіктің датасын, ал 1 мамырдан бастап екінші мүмкіндіктің датасын таңдау мүмкіндігі беріледі. Тестілеудің өзі 25 сәуір – 30 маусым аралығында өтеді. Бұл кезеңде ҰБТ-ға 2 рет қатысуға болады және жинаған ең жоғары балмен білім беру грантын тағайындау конкурсына түсе аласыз. 2021 жылдың мектеп түлектері ҰБТ-ға тегін қатысады.