Қазгидромет бүгінге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Қазгидромет бүгінге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Қазгидромет бүгінге арналған ауа райы болжамын ұсынды
ашық дереккөзі
16 сәуірде республиканың басым бөлігінің ауа райына антициклон жотасының ықпалы сақталады. Осыған орай жауын-шашынсыз күн райы болжанады. «Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамынша, республиканың тек оңтүстік және батысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады. жекелеген өңірлерде тұман, желдің күшеюі күтіледі. Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіліп, күндіз жел 15-20 м/с артады. Алматы облысының Алакөл аумағында жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай, түнде және таңертең Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерінде тұман болжанады