Мемлекет басшысы көрсеткен 7 басымдық

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында Мәжілістің қызметке кірісуі еліміз үшін символдық мәні бар екі оқиғамен тұспа-тұс келіп отырғанын айтты. Оның бірі – қастерлі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейлі межесіне қадам басқанымыз болса, екіншісі – қазіргі заманғы Қазақстан парламентаризм ширек ғасырлық белеске жеткені. Сонымен қатар жаңа құрамдағы депутаттарға алдағы уақытта ат­қарылуы тиіс көптеген жұмыстарды сеніп тап­сырып, Отанымызды қуатты елге айнал­дыру­да қарқынды еңбектенуге шақырды.

Сондықтан осы тарихи кезең­де мандатқа ие болған әріптес­те­рім алдында заң қабылдау ая­сын­да жемісті жұмыс істеу міндеті тұр. Президент өз сөзінде бірне­ше өзекті мәселені көтерді. Баян­да­ма барысында көтерілген негіз­гі басымдықтар қазіргі заманның қажеттіліктерінен туындаған. Тиім­ді мемлекет пен әділетті қо­ғам құру, дамыған елдердің қа­та­рына қосылу, кешенді реформа­лар жүргізу біздің стратегиялық бағдарымыз.

Еліміздің ұзақмерзімді дамуы «Cабақтастық, Әділдік және Өр­леу» қағидаттарына негізделеді.

Халықтың тұрмыс сапасын жақ­сартып, әл-ауқатын арт­тыру­ға басымдық беру керектігіне тоқ­талды. Жалпы алдағы уақытта көз­деген мақсатқа жету үшін бар­лық салада дәйекті өзгерістер жа­салатыны айтылды.

Мемлекет басшысы қоғам­да­ғы барлық өзекті мәселелер ең ал­дымен Парламентте талқылау тиіс деген өз ұстанымын келтіре отырып, мемлекеттік биліктің ең жоғарғы өкілдік орган алдындағы маңызды міндеттерді атады: «Аза­маттардың наразылық туғызуы мүм­кін даулы мәселелер бойын­ша тиімді кері байланыс орнату – басты талаптардың бірі.

Парламенттің алдында маңыз­­­­ды екі міндет тұр. Бұл – са­п­а­лы заңдар қабылдау және өзек­ті мәселелердің шешімін табатын ор­талыққа айналу. Жалпы елі­міз­дің заңнама жүйесін кешен­ді түр­де жетілдіру керек».

Мемлекет басшысы «Бәріміз­дің ортақ мақсатымыз Қазақстан­ды қуатты елге айналдыру дей келе ауқымды жұмыстарға бар­лық белсенді азаматтар тар­тыла­ты­нын  мәлімдеді. Және осы мақ­­­сатты жүзеге асыру үшін алда атқарылатын жұмыстарды кезең-кезеңімен талдап, 7 басымдықты көрсетті.

  • Бірінші. Құқықтық мемлекет­ті дамыту және азаматтардың би­лік органдарына сенімін ны­ғайту үшін бар күш-жігерді жұм­сау, яғни сот корпусы мен құқық қорғау органдарының жұмысына өзгерістер енгізу.
  • Екінші. Қазіргі балалар мен жас­тар 2050 жылға Қазақстанның еңбек нарығына келетін болады. Болашақта елдің әл-ауқаты олардың бәсекеге қабілеттілігіне байланысты екені айтылды.
  • Үшінші. Шағын және орта биз­­несті қолдауға баса назар ау­да­рып, халықтың бизнеспен ай­на­лысуына қолайлы жағдай жа­сау.
  • Төртінші. Аумақ пен кеңістік тұрғысынан еліміздің теңгерімді дамуы. Мұнда көліктік, энергети­калық және цифрлық инфра­құры­лым­дарды дамыту, жаңа стан­дартқа сәйкес, 3 500-ден астам ауылды жаңғырту, айна­ла­сындағы елді мекендердің тірегі са­налатын әрбір ауылға баратын жол­дар мен республикалық маңы­зы бар күре жолдарды 100 пайыз­ға жөндеу қарастырылады.
  • Бесінші. Саяси жаңғыру. Пар­ла­менттік оппозиция институты шағын саяси күштердің рөлін айтарлықтай күшейтеді. Осы себепті де, еліміздегі көппартия­лық­ты дамытуға және парламен­таризмді нығайтуға едәуір серпін берілді. Маңызды қадамдар: ауыл әкімдерін сайлау, ауыл әкімдерін сайлағаннан кейін аудан әкім­дерін сайлау. Саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін 7-ден 5 пайыз­ға төмендету.
  • Алтыншы. Азаматтық қоғам өкіл­дерінің белсенділігін арт­тыру, жастар саясатын жетілдіру және қайырымдылық қызметін қолдау. Мұнда «Қоғамдық бақы­лау туралы заң», мемлекеттік жас­тар саясаты саласындағы заң­на­маны жетілдіру, елімізде «Жас­тар­дың даму индексін» енгізу қа­жеттігі талқыланды.
  • Жетінші. Адам құқықтарын то­лық қорғау. Азаматтардың таң­дау еркіндігін барынша қамта­ма­сыз етудің маңызы, қандай да бір сайлауға келіспейтінін немесе үміткерлердің бәріне қарсы еке­нін заңды түрде білдіру құқы­ғы, бала құқықтарын қорғау, ерек­ше күтімге мұқтаж балалар­дың ин­клю­зивті дамуы мәселесін назар­дан тыс қалдырмау.

Президентіміз: «Халқымыз бізден оң  өзгерістер күтетінін әр­дайым есте ұстаған абзал. Бар­лық жоспарымыз жемісті жүзеге асуы үшін бір кісідей жұмылып, еңбек етуіміз керек» – деп түйінді сөзімен аяқтады.

Көзделген міндет межені бағындыруға билік қана емес, әр аза­мат үлес қосуы тиіс. Осы орай­да сайлау қорытындысы бойын­ша Елбасы Н.Назарбаев жетекші­лік ететін «Nur Otan» партиясы өзінің көшбасшылығымен жеңіс­к­е жетіп, сенім мандатына ие болғаны белгілі. Сондықтан VIII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясынан кейін
«Nur Otan» партиясы фракциясы өтті. Жиынға партия Төрағасы
Н.Назарбаев қатысып фракция-ның тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін  бірнеше міндеттер жүк­теді. «Nur Otan» партиясының 2025 жыл­ға дейінгі «Өзгерістер жо­лы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдар­ла­ма­сы – қол­ға алған реформалар­дың заң­д­ы жалғасы. Осы бағдар­ла­маға бай­ланысты еліміздің әр­бір өңірінде жергілікті атқарушы ор­гандармен бірлесіп жол кар­тасы жасалды. Бұл Жол кар­та­сын­­да елді жаң­ғыр­ту мен барша қа­зақстан­дықтың тұрмыс дең­гейін арттыру бағдары айқын көрінеді. Еліміз үшін сындарлы сәт­терде «Nur Otan» партиясы әр­дайым қиын да күрделі мін­деттерді атқарып келеді. Сон­дықтан нұротандық­тар алдағы уа­қытта да қоғамы­мыз­дың ор­нық­ты дамуы мен тұрғындардың тұрмыс деңгейін арттыру бағ­дарын берік ұстана­ды.

Ортақ игілікке қол жеткізу үшін «Nur Otan» партиясынан сайланған депутат ретінде партия  бастамаларын дамытуға атсалы­са­мын.

Әріптестерім де Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес заңдарды қамтамасыз ету арқылы елдің жаңғыруына үлес қосары сөзсіз. Президентіміздің негізгі ұстанымына тірек болып, Парламент ел мүддесі үшін аян­бай қызмет ететін  қайнаған жұ­мыс ортасы болады деп ойлай­мын. Алдағы уақытта дамыған мемлекеттер қатарына қосылу үшін әрбіріміз айқын мақсатпен ынтымақтастықта еңбек етуіміз керек деп білемін.

 

Аманғали БЕРДАЛИН,

Парламент

Мәжілісінің депутаты,

«Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі

Back to top button