Мемлекет басшысы көрсеткен 7 басымдық

15 сәуір, 2021 / Túrkіstan International Political Weekly
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы көрсеткен 7 басымдық Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында Мәжілістің қызметке кірісуі еліміз үшін символдық мәні бар екі оқиғамен тұспа-тұс келіп отырғанын айтты. Оның бірі – қастерлі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейлі межесіне қадам басқанымыз болса, екіншісі – қазіргі заманғы Қазақстан парламентаризм ширек ғасырлық белеске жеткені. Сонымен қатар жаңа құрамдағы депутаттарға алдағы уақытта ат­қарылуы тиіс көптеген жұмыстарды сеніп тап­сырып, Отанымызды қуатты елге айнал­дыру­да қарқынды еңбектенуге шақырды. Сондықтан осы тарихи кезең­де мандатқа ие болған әріптес­те­рім алдында заң қабылдау ая­сын­да жемісті жұмыс істеу міндеті тұр. Президент өз сөзінде бірне­ше өзекті мәселені көтерді. Баян­да­ма барысында көтерілген негіз­гі басымдықтар қазіргі заманның қажеттіліктерінен туындаған. Тиім­ді мемлекет пен әділетті қо­ғам құру, дамыған елдердің қа­та­рына қосылу, кешенді реформа­лар жүргізу біздің стратегиялық бағдарымыз. Еліміздің ұзақмерзімді дамуы «Cабақтастық, Әділдік және Өр­леу» қағидаттарына негізделеді. Халықтың тұрмыс сапасын жақ­сартып, әл-ауқатын арт­тыру­ға басымдық беру керектігіне тоқ­талды. Жалпы алдағы уақытта көз­деген мақсатқа жету үшін бар­лық салада дәйекті өзгерістер жа­салатыны айтылды. Мемлекет басшысы қоғам­да­ғы барлық өзекті мәселелер ең ал­дымен Парламентте талқылау тиіс деген өз ұстанымын келтіре отырып, мемлекеттік биліктің ең жоғарғы өкілдік орган алдындағы маңызды міндеттерді атады: «Аза­маттардың наразылық туғызуы мүм­кін даулы мәселелер бойын­ша тиімді кері байланыс орнату – басты талаптардың бірі. Парламенттің алдында маңыз­­­­ды екі міндет тұр. Бұл – са­п­а­лы заңдар қабылдау және өзек­ті мәселелердің шешімін табатын ор­талыққа айналу. Жалпы елі­міз­дің заңнама жүйесін кешен­ді түр­де жетілдіру керек». Мемлекет басшысы «Бәріміз­дің ортақ мақсатымыз Қазақстан­ды қуатты елге айналдыру дей келе ауқымды жұмыстарға бар­лық белсенді азаматтар тар­тыла­ты­нын  мәлімдеді. Және осы мақ­­­сатты жүзеге асыру үшін алда атқарылатын жұмыстарды кезең-кезеңімен талдап, 7 басымдықты көрсетті. Президентіміз: «Халқымыз бізден оң  өзгерістер күтетінін әр­дайым есте ұстаған абзал. Бар­лық жоспарымыз жемісті жүзеге асуы үшін бір кісідей жұмылып, еңбек етуіміз керек» – деп түйінді сөзімен аяқтады. Көзделген міндет межені бағындыруға билік қана емес, әр аза­мат үлес қосуы тиіс. Осы орай­да сайлау қорытындысы бойын­ша Елбасы Н.Назарбаев жетекші­лік ететін «Nur Otan» партиясы өзінің көшбасшылығымен жеңіс­к­е жетіп, сенім мандатына ие болғаны белгілі. Сондықтан VIII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясынан кейін «Nur Otan» партиясы фракциясы өтті. Жиынға партия Төрағасы Н.Назарбаев қатысып фракция-ның тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін  бірнеше міндеттер жүк­теді. «Nur Otan» партиясының 2025 жыл­ға дейінгі «Өзгерістер жо­лы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдар­ла­ма­сы – қол­ға алған реформалар­дың заң­д­ы жалғасы. Осы бағдар­ла­маға бай­ланысты еліміздің әр­бір өңірінде жергілікті атқарушы ор­гандармен бірлесіп жол кар­тасы жасалды. Бұл Жол кар­та­сын­­да елді жаң­ғыр­ту мен барша қа­зақстан­дықтың тұрмыс дең­гейін арттыру бағдары айқын көрінеді. Еліміз үшін сындарлы сәт­терде «Nur Otan» партиясы әр­дайым қиын да күрделі мін­деттерді атқарып келеді. Сон­дықтан нұротандық­тар алдағы уа­қытта да қоғамы­мыз­дың ор­нық­ты дамуы мен тұрғындардың тұрмыс деңгейін арттыру бағ­дарын берік ұстана­ды. Ортақ игілікке қол жеткізу үшін «Nur Otan» партиясынан сайланған депутат ретінде партия  бастамаларын дамытуға атсалы­са­мын. Әріптестерім де Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес заңдарды қамтамасыз ету арқылы елдің жаңғыруына үлес қосары сөзсіз. Президентіміздің негізгі ұстанымына тірек болып, Парламент ел мүддесі үшін аян­бай қызмет ететін  қайнаған жұ­мыс ортасы болады деп ойлай­мын. Алдағы уақытта дамыған мемлекеттер қатарына қосылу үшін әрбіріміз айқын мақсатпен ынтымақтастықта еңбек етуіміз керек деп білемін.  

Аманғали БЕРДАЛИН,

Парламент

Мәжілісінің депутаты,

«Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі