«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды
ашық дереккөзі
Станислав Канкуровтың Алматы қаласы мәслихатының хатшысы лауазымына сайлануына байланысты «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының қызметіне жаңа кандидатура қаралды. Партияның Алматы қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев бюро мүшелеріне «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасарын таныстырды. Ол 2019 жылдың наурыз айынан бастап Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқарма басшысының орынбасары болған 33 жастағы Мейіржан Отыншиев. Мейіржан Отыншиев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Қарағанды экономикалық университетінің және ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының түлегі. Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында тоғыз жыл жұмыс істеген тәжірибелі мемлекеттік қызметкер. Бюро мүшелері ұсынылған кандидатураны бірауыздан қолдап, партиялық жобалар мен бастамалардың, сондай-ақ партияның Алматы қалалық филиалының сайлауалды бағдарламасының іске асырылуын, үкіметтік емес ұйымдармен және қоғамдық пікір көшбасшыларымен сындарлы диалогтың жалғасуын нақты бақылау қажеттігін еске салды. Осылайша Мейіржан Батырбекұлы Отыншиев қаланың жоғары партиялық позициясына тағайындалды. Бақытжан Сағынтаев партиядағы 10 жылдық жұмысы үшін Станислав Канкуровқа алғысын білдірді. Осы уақыт ішінде Станислав Канкуров бірнеше рет Президенттік және Парламенттік сайлау науқанын ұйымдастыру мен өткізуге белсенді қатысты. Бұл кезеңде партияның қалалық филиалы жеке және заңды тұлғалардың 100 мыңнан астам өтініштерін қарады, қала тұрғындарымен тығыз қарым-қатынас орнатылды. Айта кетейік, бүгінгі таңда партияның Алматы қалалық филиалында 59 мың партия мүшесі бар, олар 672 бастауыш партия ұйымына біріктіріліп, мегаполистің барлық сегіз ауданында ұсынылған. Қала бойынша нұротандықтардың басым бөлігі Әуезов және Бостандық аудандарында тұрады, жүзден астам бастауыш партия ұйымдары Алмалы және Әуезов аудандарының кәсіпорындарында құрылған.