Алимент төлемеген борышкер баласына пәтерін берді

Алимент төлемеген борышкер баласына пәтерін берді

Алимент төлемеген борышкер баласына пәтерін берді
ашық дереккөзі
Елордада алимент төлемеген борышкер баласына пәтерін жазып берді, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының Жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы. «2020 жылғы 19 наурызда А. есімді азаматтан К. есімді азаматшаның пайдасына жалақының және өзге де табыстың 1/4 бөлігі мөлшерінде алимент өндіріп алу туралы атқарушылық іс қозғалды. 2020 жылдың 1 шілдесіндегі берешек 3 406 648 теңгені құрады. Қарызды өтеу есебіне биылғы жылдың сәуір айында борышкер өндіріп алушының меншігіне Ақтөбе қаласының Астана аудандағы Тәуелсіздік даңғылында орналасқан бір бөлмелі пәтерді берді», – деді Нұр-Сұлтан қаласы өңірлік палатасы басшысының орынбасары Мадина Жанасаева. Мадина Жанасаеваның айтуынша, өндіріп алушы алименттен бас тартқан жоқ, борышкер кез келген жағдайда бала кәмелет жасына толғанға дейін алимент төлеуді жалғастырады.