Алимент төлемеген борышкер баласына пәтерін берді

Елордада алимент төлемеген борышкер баласына пәтерін жазып берді, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының Жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы.

«2020 жылғы 19 наурызда А. есімді азаматтан К. есімді азаматшаның пайдасына жалақының және өзге де табыстың 1/4 бөлігі мөлшерінде алимент өндіріп алу туралы атқарушылық іс қозғалды. 2020 жылдың 1 шілдесіндегі берешек 3 406 648 теңгені құрады. Қарызды өтеу есебіне биылғы жылдың сәуір айында борышкер өндіріп алушының меншігіне Ақтөбе қаласының Астана аудандағы Тәуелсіздік даңғылында орналасқан бір бөлмелі пәтерді берді», – деді Нұр-Сұлтан қаласы өңірлік палатасы басшысының орынбасары Мадина Жанасаева.

Мадина Жанасаеваның айтуынша, өндіріп алушы алименттен бас тартқан жоқ, борышкер кез келген жағдайда бала кәмелет жасына толғанға дейін алимент төлеуді жалғастырады.

Back to top button