Жаңалықтар

"Балапан жұлдыз" байқауы экранға жол тартты

ашық дереккөзі

"Балапан жұлдыз" байқауы экранға жол тартты

Бүгін "Балапан жұлдыз” атты жас таланттар байқауының қорындысы бойынша көрерменге жол тартатын бағдарламаның тұсауы кесілді. Байқауды “Балапан” арнасының тапсырысы бойынша Аружан Саинның продюсерлік орталығы ұйымдастырып, өткізген. Отандық балалар арнасынан 1 қазаннан бастап көрсетіле бастайтын жаңа бағдарлама еліміздің барлық аймағындағы дарынды балдырғандардың басын қосқан айтулы жобаға айналып отыр.  “Балапан” арнасы ашылғалы бері қазақ балаларының көңілінен шығатын бағдарламаларды жасауға маңыз беріп отырғанымызды білесіздер. Қазірге дейін үш жүзден астам төл өнімдерімізді шығардық. Баланың талғамынан шығу оңай емес. Балаларымыздың “Балапанның” досына айналғанын ескерсек, нəтиже жаман емес сияқты. Көрермендерге ұсынып отырған “Балапан жұлдыз” бағдарламасы да көзайым жоба. Талантты, өнерлі балаларымыздың бағын ашатын жоралғы болсын деген ниет", – деді тұсаукесерде Қазақстан Ұлттық арнасының Басқарма төрайымы Нұржан Жалауқызы.