Air Astana Алматы-Батуми бағытында жаңа рейс ашады

15 мамырдан бастап аптасына 3 рет, дүй­сенбі, сәрсенбі және сенбі күндері Алма­ты­дан Батумиге тұрақты рейс қатынайды.

Рейстер Airbus A320 лайнерлерімен жүзеге асырыла­ды.

Дүйсенбі мен сәрсенбіде KC 169 рейсі Алматыдан сағат 12:00-де ұшып, Батуми қаласына 14:30-да келеді. КС 170 кері рейсі Батумиден 15:30-да ұшып, Алматыға 21:35-те келеді.

Сенбіде Алматыдан рейс 09:30-да ұшып, Бату­миге 12:00-де келеді. Кері рейс Батуми қаласынан 13:00-де ұшып, Алматыға 19:05-те келеді.

Алматы-Батуми рейсінің ұзақтығы – 4 сағат 30 минут, ал Батуми-Алматы рейсінің ұзақтығы –
4 сағат 5 минут.

Барлық салықтарды қоса алғанда, барып қайту билеттерінің бағасы эконом-класта 131 000 тең­геден, бизнес-класта 285 035 теңгеден басталады.

Билеттерді әуе компаниясының www.airastana.com сайтында, туристік агенттіктерде, әуеком­па­нияның сату кеңселерінде, сондай-ақ Брондау және ақпарат орталығының + 7 (727) 244 44 77,
+ 7 (717) 258 44 77 және + 7 702 702 44 77 теле­фон­­дары арқылы сатып алуға болады.

Грузияға сапарлауды жоспарлаған жолау­шылар алынған сәттен бастап 72 сағат ішінде жарам­ды теріс нәтижесі бар ПТР сертификатын ұсыну­ға міндетті.

Коронавирусқа қарсы вак­цинаның толық  кур­сын (екі доза) алған жолаушылар Грузияға ПТР-тест­­сіз кіре алады.

Қазақстанға шетелден келетін жолаушыларда, Қазақстан азаматтарын қоса алғанда, коронавирус­тың жоғын растайтын жарамды ПТР анықтамасы болуы керек. Анықтама жарамды болып саналуы үшін, ол нәтиже берілген күннен бастап Қазақстан ше­карасынан өтуге дейінгі 3 күн ішінде берілуі қажет.

Екі елге кіруге санитарлық талаптар әуе ком­панияның сайтында жарияланған https://airastana.com/kaz/kkKZ/Жоспарлау/Арнайы-ұсыныстар/Жаңа-бағыт-Батуми

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button