Жексенбі, 4 Маусым, 2023

Түркістанда тәуелсіздіктің 30 жылдығы құрметіне 30 миллион ағаш отырғызылады

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен өңірде 30 млн. ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Осыған орай Бәйдібек ауданында 30 мың ағаш отырғызу шарасы бастау алды. Ауданның еңбек ардагерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, еріктілер мен ауыл жастары қолдарына күрек алып, ауылының кіре беріс жолдың екі шетін арнайы шарбақпен қоршап, 2000 мың түп тал екті.

Ғылыми есептеулер бойынша 1 гектар орман жылда 18 млн.текше метр ауаны тазартады. Немесе, сол орман бір күнінң ішінде 11 тонна улы көмірқышқыл газдарын бойына сіңіріп, ыдыратып отырады.

Back to top button