Елтаңбаны қоқысқа тастаған кім – Прокуратура тексеріп жатыр

Павлодар облысындағы ауылдардың біріндегі қоқыс үйіндісінде Елтаңба мен прокуратура тақтайшасы табылды. Құзырлы органдар мемлекеттік символ қалай қоқыста қалғанын анықтауда.

Tengrinews.kz сайтының жазуынша, Instagram желісінде жарияланған видеода Ақтоғай ауданы прокуратурасының тақтайшасы жатқаны көрсетілген. Оның жанында екі Елтаңба жатыр, бірі – сынық, екіншісі бүтін.

Видео пайда болғаннан кейін табылған затты Павлодар облысының прокуратурасы зерттей бастады. Ведомство өкілдері бұл дерек тексеріліп жатқанын хабарлады.

«Облыстық прокуратура қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, ақпараттың таралу арнасы материалы аясында полиция тексеруді бастады. Мән-жайлар анықталуда», – деді құзіретті орган өкілдері.

Ақтоғай ауданы әкімдігінің мәліметінше, қоқыс үйіндісі Ақтоғай ауылының орталығынан екі шақырым жерде орналасқан.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button