Вакцина алған адамға коронавирус неліктен жұғады – ДСМ жауап берді

Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті вакцинациядан кейін 16 қазақстандықтың коронавирус жұқтыру жағдайын түсіндірді.

Комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев елімізде қолданылатын коронавирусқа қарсы вакцинаның құрамында тірі вирус жоқ екенін, сондықтан вакцина коронавирусты тудырмайтынын айтты.

«Вакцинада антиденелер пайда болатын коронавирустың бір бөлігі ғана бар. Кейін инфекция жұқтырған жағдайда, бұл антиденелер вакцинадағы осы бөлшек арқылы бүкіл вирусты танып, оны жояды. Сондықтан вакцинадан вирус жұқпайды», – деп түсіндірді ол.

Маманның айтуынша, инфекцияға қарсы вакцина салдырған адамдардың коронавирус жұқтырған себебі адам ағзасында антидене екпе салғаннан уақыттан бастап 12-14 күннен кейін пайда болады.

«Инфекцияға қарсы иммунитетті қалыптастыру үшін вакцинаның екі дозасын, яғни вакцинаның толық кешенін алу қажет. «Спутник V» вакцинасын әзірлеушілердің дерегінше, кей адамдарда жеке ерекшелігіне байланысты иммунитеттің қалыптасуы ұзаққа созылуы да мүмкін», – деп қосты Ержан Байтанаев.

Back to top button