Хан Кененің қазасы

Өткен жылдың соңын­да әлеуметтік желі­де қырғыз жазушысы За­мирбек Осоров пен «Бей­бітшілік үшін күрес» қоғам­дық қорының мүшесі Вале­рий Яковлевтің қа­зақтың ханы Кенесарыға Бішкектің төрінде ескерткіш қойып, орталық көшелерінің біріне есімін беру туралы бастама көтергені мәлім.

Онда: «Біз ел астанасына қазақтың соң­ғы ұлы ханы Кенесарыға арнап ескерткіш қойсақ дұрыс болады. Өмір бойы патша басқыншыларымен күрескен ұлы адам патша қуғыншыларынан қашып бізге келді. Ол қырғыздың би-манаптары мен халқы­нан көмек сұрап келсе ке­рек. Ал біз оның басын кесіп, патша өкіметіне тапсырдық. Қырғыз­дың бір ғана руының билерінің бұл ақылсыз әрекетінен бүкіл қырғызға жа­манат келді. Соған қарамастан қазақ халқы бізге деген бауыр­малдықты сақтап қалды», – деп жазыпты қырғыз жазушысы.

Әрине, оның бұл ұсынысына қарсылық біл­діргендер де аз болмаған көрінеді. Қырғыздар жуық маңда Кенесарыға ескерткіш орната да қоймас. Бастысы, қазақ ханының тарихтағы рөліне қатысты әділеттілікті қал­пына келтіру туралы қырғыздар тарапынан да сөз қозғалып жатуы маңыз­ды болып отыр.

Қазақ халқын ғасырларға созылған бодандық бұғауынан құтқару жо­лын­да тәуел­сіздік туын көтерген ұлт қаһар­ман­дарының бірі Кенесары Қасымұлының соң­ғы шайқасы біздің Қордай ауданының жерінде болды. Атасы Абылайханның бы­тыраңқы қазақтың басын қосу арманын жүзеге асыру үшін сонау Көкшеде атқа қо­нып он жылдан аса отарлаушылармен ашық майдандасқан есіл ер, қазақтың соң­ғы ханы Алатау бөктерінде қапияда қаза тап­ты. Жазушы I.Есенберлиннің «Көшпе­н­ділер» трилогиясы сол қайғылы оқиғаны си­паттаумен аяқталады. Ондағы аталатын Ке­кіліктау, Әулиешоқы, Майтөбе таулы адыр­лары Қаракемер ауылдық аймағының Күн­гей аталатын түстігінде орналасқан. Сол өңір­дің қай тұсынан қарасаң да менмұн­далап Әулие шоқы төбеңнен төнеді. Одан төменірек Кекіліксеңгірмен екі арада «Кене хан­ның ту тіккен жері» деп аталатын Май­тө­бе, қозы өрім жерде гүрілдеп Шу өзені ағып жатыр. Сол қанды қырғынның бел­гісін­дей Майтөбе үстінде бұрыннан-ақ қолдан үйілген қорымдар, балбал тастар болатын. Оншақты жылдай бұрын хан ұрпақтарының күшімен ескі қорымның ортасынан қызыл гранит тақталармен қапталған биіктігі бес метр еңселі ескерт­кіш орнатылып, төңірегінде таңбалы тас бел­гілер пайда болған еді. Айнала қорша­лып, жақын маңнан шырақшы үйі де бой көтерді. Оның артынша Күнгейді бойлап жаңадан салынған «Қаракемер – Қарасай» тасжолы Майтөбені жанай өтіп, ондағы ескерткіштер шоғыры жолаушылардың ат басын тартып ата-бабаларымыздың ерлік рухына тәу ету орнына айналды. Бұл белгі­лер Кенесары мен оның жаужүрек інісі Наурызбайға, олармен бірге азаттық жолында ажал құшқан қазақ батырларының рухына арналған. Талайлы тарихымыздың сол бір сұрапыл оқиғаларына куә болған киелі жерлер…

…Осыдан жүз жетпіс төрт жыл бұрын, 1847 жылғы сәуір айы. Анталаған жаудың ор­та­сында жаралы арыстандай арпалысқан Кене­сары Кекіліксеңгірдің сайында қолға түсті. Көкетайлап Наурызбай, ағасының қа­сына өзі келді. Қырғыздар батырдың ба­сын шауып, патша офицерінің қанжы­ғасы­на байлап береді. Бас Омбыға кетті, одан әрі Петерборға өтті. Ал денесін қырғыздар іш­керіге алып кетіп сол маңнан 30-40 ша­қы­рымдай жерге жасырын жерлеген деседі…

Сол қанды қырғыннан бергі бір жарым ға­­сырдан астам уақытта Кенесары қозға­лы­сы туралы аз жазылған жоқ. Атақты француз жазушысы Жюль Верннің романынан бастап, дастандар да, ғылыми зерттеулер де, көркем шығармалар да баршылық. Орыс тарихшылары орыс әскерімен текетірескен Кенесарының биік парасатын, көзсіз ержүректігін мойындап, орыс журналдары арқылы төрткүл дүниеге мәшһүр етті.

Мәселен Орынбор қаласының мэрі Н. Середа: «Кенесары өз сарбаздарының кемеңгер көсемі бола білді. Оның жасақтарының лапылдаған биік рухына еуропалық қолбасшыларының қай қайсысы да қызғанышпен қараған болар еді» дейді.

Ал орыс армиясының генералы В.Потто оны сайын даланың жеңілуді білмейтін сайыпқыран қолбасшысы, дала көкжалы атаған.

«Түркістан тарихының» авторы Н.Павлов «Кенесары өзінің бітім-болмысында қажымайтын, талмайтын дала батырларының типіне жатады: ол тегінде аса дарынның адамы болса керек. Кенесары өзінің ақтық демі біткенше Ресейдің қас жауы болса да, мен оны «Түздің соңғы батыры» атаймын» деген.

Әлемге әйгілі Жюль Верн орыс басылымдарындағы осындай очерктерден өзінің қайталанбас романти­калық кейіпкерін тапқан болуы керек. Бірақ, халықтың жадынан тарихын өшіріп орыстандыруды көксеген коммунистік идеология тұсында ұлтының тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандарымызға ашық баға беріп, есімдерін қастерлеу аса қиынға түсті. Ұлт-азаттық көтерілісінің көсемі Кене­сарыны ауызға алған М.Әуезов, І.Есенберлин, Е.Бекмаханов және басқалары қуғынға ұшырады, түрмеге жабылды, жер аударылды. Дегенмен, олардың жазғандары тарихта қалды, бүгінгі тәуелсіз мемлекет жағдайында қазақты қазақ еткен, қазақтың ұлан-байтақ жерін қорғап, сақтап қалған кемеңгер хандарымыз бен билеріміздің, қаһарман батырларымыздың есімін өмірге, ұлт санасына оралтуға баға жетпестей қыз­мет етуде.

Кенесары қозғалысы хақында қаншама ғылыми тұжырымдар жасалды. Осынау қасиетті күрестің мәнін шынайы ұғынуға мүмкіндік беретін тың көзқарасты зерттеу­лер бүгін де жалғасын тауып келеді. Кө­тері­лістің алғы шарттары, өрістеуі, шарық­тау шегіне жетуі, ақыр аяғында жеңіліс табуының себептері туралы әділ бағасын еліміздің тәуелсіздігі тұсында ғана ешбір жалтақсыз ашық айтуға мүмкіндік туып отыр. Қасым сұлтан мен оның ұлдары қара басын күйттесе, қарны тоқ, көйлегі көк өмір сүрулеріне мүмкіндігі мол еді. Бірақ, олар ұлт мүддесін мансаптан жоғары қой­ды. Жер жәннаты Көкшетауды тастап, Ресей бұғауына қарсы қоқандықтармен бірігуге Сыр бойына көшіп келді. Алайда, арыдан ойлай алмаған Қоқан билеушілері Қасым сұлтан мен олардың ұлдары Саржан мен Есен­гелді сұлтандардан қорқып, олардың андаусызда көзін жояды. Әйтсе де, Қасым сұлтанның қайсар ұлы Кенесары әкесі мен аға­ларының орнын жоқтатпай, аз уақыт­тың ішінде үш жүздің батырларының басын қосып, Ресей мен Қоқан езгісіне қарсы күреске елді бастап шығады. Алдымен Ресей­дің қазақты ішкерілей отарлау үшін ар­қа төсіне салған бекіністерінің бірі – Қараөткел бекінісі 1837 жылы тас-талқан етілді, сөйтіп тарихта «Кенесары көтерілісі» деген атпен қалған қарулы қақтығыстар өрті бұрқ ете түседі. Үш жүздің игі жақ­сылары 1841 жылы Кенесарыны ақ киізге көтеріп, хан деп жариялады. Содан бастап Кенесары жасақтары қазақтың ұшқан құстың қанаты талар сайын даласында құйындай ойнап патша отарлаушыларына қарсы ойранды салады. Оның әскери тактикасының мықтылығы соншалық, Ресей империясының тіс қаққан әскері көтерілісті ауыздықтай алмай, әл-дәрмені құриды. Дегенмен, Хан Кене Ресейді жалғыз өзі күресіп жеңе алмайтынын ұғынып, оңтүстіктегі қалың үйсінді өз жағына тартып, көршіміз қырғыздармен одақтасуды ұйғарады.

 Қырғыз хандарына жазған хатында ол: «Солтүстіктен орыстар қысып барады. Егер оған жерің мен мал-мүлкіңді таратып, бала­ларыңды соның әскеріне берсең тату-тәтті тұра бересің. Шығыстан шүршіт (Қытай) бүре түсті. Олар ешкімді аямайды. Оң­түстік­тен тиген Қоқан бала-шағаңа күн көр­сетпек емес. Қарсылық көрсетсең өзіңді дарға асады» деп жазады. (Е.Бекмаханов, (Казахстан в 20-40-е годы XIX века; А, 1992).

Хан келесі бір хатында: «Менің мұнда келу мақсатым – жауласып, қан төгу емес, қазақтар мен қырғыздардың күшін біріктіру. Сөйтіп, оларды қоқандықтардың қысымынан құтқару» деп жазды. (Е.Смирнов, «Султаны Кенисара и Садык», Изд.Сыр-дар.Облстаткомитета; Ташкент, 1889). Алайда, арғы атасы Абылай ханның бар қазақтың басын қосып, біртұтас тәуелсіз елге айналдыру арманын жүзеге асыру жолында он жылдан аса ат белінен түспеген есіл ер Қордайдағы Кекілік тауының баурайында ажал құшты.

Біз бұл шағын мақаланы дайындау барысында Кенесарының ажалына себеп болған қырғыздармен болған ақтық күресі туралы жазылған деректерді барынша ақтарған едік. Ең алдымен қолға түскені небәрі 34 жасында өмірден ерте кеткен, Қордайдан шыққан белгілі тарихшы Әбіл­қасым Ділебаевтың (1914-1948) мұрас­ы болды. 1934 жылдан Қордай аудандык ком­сомол ұйымының хатшысы болып істеп, 1940 жылы ҚазПИ-ді бітірген соң Қазақстан КП Орталық Комитетінде нұсқаушы, инс­пектор, институтта оқытушы бола жүріп ол өмірдегі тарихи оқиғаларға зерттеу жасап, жекелеген тарихи тұлғалар туралы ел аузындағы аңыздар мен естеліктерді жинақтаған. Төле би, Өтеген батыр туралы жазбаларымен таныспыз. Сондай-ақ, Кенесары ханның қырғыздармен қақтығыстары және Кекілік тауының түбінде қаза табуы туралы оқиғаның ізі онша суи қоймаған, оны білетін көнеқұлақ қариялардың баршылық кезінде бұдан сексен жылдай бұрын қағазға түсірген зерттеу еңбегі де бар. «Батырлардың ерліктері және Кенесары туралы халық әңгімелері көп. Олар әртүрлі. Олардың ішінен алғаным – оқи­ғаның ортасында болғандардың өз аузынан естігендердің әңгімелері» деп ескертеді тарихшы.

Қордай ауданының Қасық ауылының солтүстік жағында жатқан бір қырқаны бұрын жұрт «Кене ханның қырқасы» деп атай­ды екен. Ол жердің неліктен бұлай аталғаны жөнінде Нұрпа Төлебайұлы деген қа­рия тарихшыға былай түсіндірген. «Ел жайлаудан түсіп, Шудың бойында отырған кезі екен, бір күні ертең ерте қараса кыр­қаға тола ақ үйлер қонып алыпты. Сөйтсе, ол Кене ханның ауылы екен. Біраздан кейін ауылға жасауылдар келіпті. Менің әкем қасына кісі ертіп, ерулікке сойыс алып, ханның ауылына барыпты. Оларды қонақ үйге түсіріпті. Бір кезде «Хан шақырады» деп екі жігіт келіп, оларды ертіп, ханның үйіне алып кіріпті. Сәлемдесіп жөн сұрасып болғасын Кене хан: «Жантай, Ормандармен ұрысайын деген жоқ едім. Ел болайық дегенге көнбеді. Жауға қосылды. Елшімді байлады, ұрлығын былай істеп жатыр. Кінә өздеріңде, ертең елін шабамын. Дулат баласы іргелі ел едіңдер, көздеріңмен көріп, олжаларыңды алыңдар» депті. Айтқа­нындай, ханның қолы ертеңіне Шудың арғы жағына өтіп, Піспектің қасындағы қарағаштың бергі түбінде қырғыздың қолы кездесіп, соғыс болыпты. Қырғыздың батыры өліп, әскері бет-бетімен тауға қарай қа­шыпты.Түскен олжаны хан елге таратып беріпті де, теріскейге қайта көшіп кетіпті деп әкем әңгімелеп отырар еді».

Қыстыгүні Кене хан Жантайға тағы адам жіберіпті. Басшысы Өтеген батырдың немересі Орман Биембетұлы деген шешен адам екен. Бұғыбай, Саурық бастатқан ба-тыр­лар барыпты. Қырғыздар қошеметтеп сыйлапты. Бірақ, екі ай жатқызып, жөнді жауап бермей аттандырыпты. «Орман бастатқан елші жіберу Кененің ең ақырғы шарасы көрінеді, – дейді тарихшы. – Одан бұрын бірнеше рет елші жіберген. Бекбатыр бастаған елшіні манаптар байлап, қамап қойған. Сыпатай бастаған елшімен сөй­лес­пеген. Бұлардан кейін барып манаптарға қар­сы Кене қолы аттанады. Соғыстан
кейі­н­гі кезде Кекілік тауының түбіне барған. Сол жерде Кенесары қолға түседі».

Тарихшы Ә.Ділебаевтың зерттеулері бойынша Кенесарының штабы Майтөбеде болып, соғысты сол жерден басқарып отыр­ған. Сыпатай мен Рүстем қолы сол Май­тө­бе­ден бөлінеді. Ол жөнінде «Кеңес» колхо­зы­ның мүшесі Мәдібек Бекқожаев тарих­шыға былай әңгімелеген: «Сыпатай батыр мен Рүстем төре қолды Шудың арғы жағы­мен түнде қашырыпты. Қол келіп Мықын суына тіреліп өте алмай жүргенде таң атып кетіп, оларды қырғыздар көріп, сол жерде соғыс болып, арты жау, алды су болып көп адам өліп, көп адам қолға түсіп, қазақтар көп шығынға ұшырапты» (кейіннен қол­дың қырғын тапқан жерінде 1925-1926 жылдары көпір салынғанда найза, мылтык, қы­лыш сияқты көп құралдар табылып Фрун­зедегі музейге өткізіледі). Қазақ қолы азай­ғасын манаптар Майтөбенің оңтүстік шығысынан келіп, батысына өтіп, қалған қолды (Кенесарының) Алмалыға қарай шегінуге мәжбүр еткен сияқты. Оны жер жағ­дайының өзі дәлелдеп тұр. Қол азай­ғасын, қырғыздар кептей бастапты. Қа­зақ­тар Майтөбеден тауға қарай шегінеді: Ал­малы мен Суалман сайының қосылған жеріне барғанда Кене хан қолға түседі. Хан қол­ға түскен соң, Наурызбай төре қырғыз­дар­ға өзі барыпты. Қалған батырлар соғы­са-соғыса, тау-тасқа шығып құтылыпты.

Кенесарымен бірге болған Бұғыбай, Саурық, Ағыбай, Байсейіт, Орман, Таятай тағы басқа батырлар Кенесары мен Наурызбай қолға түскесін ғана шегінген. Олар да қор­шауда болған, бірақ таулы жердің жық­пыл-жықпылын сағалап сытылып кеткен. Егер Кенесары бір ғана құтылудың қамын ойласа, ол жерден қолға түспейтіндігін жер ың­ғайы көрсетіп тұр. Ханның қолға түсуі­нің негізгі себебі: «Соғыста жаудан қашқан хан – хан бола алмайды. Сайдан шыққаны­мыз – майданнан шыққанымыз. Қашсам, мен хан емеспін» (Қалыш Кәрібозұлының айтуынан) дегенінен болуы керек.

Тілеміс ақын:

Халықтың қамын ойлап Кене келген,

Ілесіп қалың Дулат түгел ерген.

Соғысып ақ патшаның әскерімен

Іленің жағасында Шаншар өлген, – дейді.

Тілеміс – оқиғаның ішінде болған адам­дарды көріп, әңгімелерін өз аузынан естіген адам. Сыздық келіп, қырғыздан Кене­сары­ның ерін аларда бірге барып қасында бол­ған. Кейініректе Жантайдың баласы Шаб­дан­ды мұқата: «Менің атам Өтеген» деген өлең айтқан. Ол өлеңінде атасы – Ұлы жүз, Ду­латтан шыққан Абылай тұсындағы атақ­ты Өтеген батырдың қазақ халқының бос­тандығы мен тәуелсіздігін қорғаудағы ерлігін айтқан. Тілемістің жоғарыдағы өлеңін­де айтылған Шаншар – сол Өтеген ба­тыр­дың немересі. «Бұл өлеңде Кенесары – ха­лықтың қамқоры, оның қозғалысы – жалпы халықтың тәуелсіздік қозғалысы екен­дігі тарихи шындықпен тура көрсе­тіл­ген» деп түйіндейді тарихшы Ә.Ділебаев бұ­дан сексен жыл бұрынғы зерттеу еңбе­гінде.

Кенесары тақырыбында қырғыз тарих­шы­лары да едәуір зерттеулер қалдырған. Олар­дың ішінде Кенесарының денесі қайда жер­ленгені туралы деректер біз үшін маңыз­­дырақ. Өйткені, ханның бас сүйегі бір жақта қалып, бір жарым ғасырдан аса туған жердің топырағына берілмеуі күллі қазақтың намысын қорлап, жігерін құм етіп отырған жай екені айтылудан кен­де емес. Тіпті, Кенесарының бас сүйегі мен де­несіне қатысты кезінде Парламент депу­тат­тары да мәселе көтерген еді, аяғы сұйы­лып кетті. Әуелден Эрмитажда тұр делінген бас сүйектің енді онда жоқтығы туралы сөз шы­ғып жатыр.

Ал қырғыз жерінен сүйегін іздестіруші экспедициялардың зерттеулері де көңіл көн­­шітпейді. 1994 жылдан бері мұндай үш экспедиция шыққаны мәлім. «Атамұра» кор­­порациясының сол кездегі президенті Мұхтар Құл-Мұхаммед бастап құрамында Манаш Қозыбаев, Карл Байпақов, Оразақ Смағұлов тәрізді белгілі тарихшы, археолог, антропологтар бар алғашқы іздеушілер хан сүйегі жатыр деген тұста оншақты күн жұмыс жүргізіп ештеңе таппаған. Ал мәс­кеулік «Молодая гвардия» баспасынан «Тамаша адамдар» сериясымен Кенесары туралы кітап шығарған белгілі тарихшы Едіге Уәлиханов пен геолог Молдияр Серікбаев 2005 жылы шағын экспедиция ұйымдас­тырады. Олармен бірге барған қаракемерлік Ұлы Отан соғысының ардагері, аймаққа танымал халық емшісі болған марқұм Хамза Демеуов ақсақал кезінде бізге былай деген еді:

– Тоқпақтан түстікке қарай 15 ша­қы­рым­дай қашықта Алшалы айылы бар. Соған таяу сай ішінде «Әулие бұлақ» деген жерде атақты адам жерленген деп жұрт қасиет тұ­тып, ауру адамдар шипа іздеп, түнейді екен. Бірақ, қабірдің дәл орнын ешкім бізге көрсете алмады, дұрысы көрсеткісі келмей жасырды. Ханның сүйегін қазып әкетсе киесі қоса кетеді деп қорықты ма әлде басқа сыры бар ма, біле алмадық. Біз де сол маңда бір түнеп шығып құр қол қайттық…

Ал 2007 жылы Айсара, Күмісай көріп­келдердің көрсетуімен ханның сүйегі қыр­ғыз жерінен қазылып алынып, Алматының шығыс жақ іргесіндегі Беснайза ауылының маңындағы қорымға жерленгені туралы кезінде кейбір басылымдар жазды. Бірақ, содан бері қаншама жылдар өтсе де бұл оқи­ғаға ғылыми тұжырымдама жасалмады. Сонда ол сүйектерге әлі күнге дейін ғы­лыми-антропологиялық сараптау жүргізіліп жатыр ма?. Дегенмен, дүдәмал ой да жоқ емес. Өйткені, Кенесарының қырғыздармен соғысы туралы мейлінше жете зерттеген қырғыздың көрнекті тарихшысы Белек Солтанаев «Кенесарының соңғы күндері» деген еңбегінде «Кенесары Борды деген сайға көмілген. Борды Тоқпақтан жиырма бес шақырымдай Буамға жүретін қара жолдың оң жағында болады» деп нақты жер атауын көрсетеді. Оған бұл деректі Хан Кене­нің басын Қапалдағы орыс ұлықтары­на апарып тапсырған Қалығұл Әлібеков 1894 жылы: «Өлүгүн Қызыл су мен Шамшы­ның ортосундағы Бордуу деген сайдың орто бөксөсу тоого көмген» деп айтып беріпті. Бі­рақ, жоғарыдағы экспедициялардың бірде-бірі, неліктен екені белгісіз, бұл араға ат ізін салмаған көрінеді. Қырғыздың тағы бір тарихшысы Есенқұл Төреқұлов: «Сүйекті Кіші Алмалының басындағы Тоқ­тарбай қыстауынан не болмаса ол жерді «Көрпебай мазары» деп атайды, міне, сол жерден іздеу керек» дейді. Тағы бір деректерде Он бір жылға деген жерге көмілген деседі. Қалай болғанда да жұмбақ көп. Оның үстіне өлтіргенге дейін тұтқында ұста­ған күндері күтушісі болған адамға Кенекең «сүйегім жатқан жерді ешкім білмесін, ешкім қорламасын» деп антын алған деген де сөз бар. Ханның сүйегі қырғыз жерінің өзінде бірнеше мәрте қайта жерленген көрінеді. Алғаш 1884 жылы Сыздық Сұлтан әкесінің сүйегін іздеп қырғызға келерде асығыс бұрынғы орнынан жасырын түрде басқа жерге жерлеген. Одан тағы да жүз отыз жыл өткенде бақшасының шетінен ұра қазбақшы болған ауыл тұр­ғыны адамның бассыз сүйегін тауып алып өзге жерге апарып көмеді. Әлгі үшінші экспедиция тауып Алматы маңына апарып жерлейтін сүйек осы. Бірақ, ол туралы мемлекеттік құзырлы органдар әлі кесімді сөз айтпай отырғанына қарап, сүйектің нақ хандікі екеніне күдік туады. Біздіңше, бұл мәселеге жоғары үкіметтік тұрғыда мән бері­ліп, ханның бас сүйегі мен денесін туған жерге қайтару мемлекетаралық ке­лісімдер арқылы шешілуі тиіс. Қазақстан тәуелсіздігінің отызыншы жылын мерекелеп отырған еліміздің, осынау тәуелсіздікке жетудің сан ғасырларға созылған ұзақ жолында оқтын-оқтын бой көтерген қиян-кескі ұлт-азаттық күрестерде қол бастап, жан пида еткен ұлт қаһармандарына қа­тысты қолдан жасалған қиянаттарды қал­пына келтіруіміз парыз. Соның қа­тарында Хан Кененің денесін тұтас күйінде кіндік қаны тамған Көкше топырағына апарып аса кең ауқымда, биік мемлекеттік деңгейде қайта жерленуі еліміз үшін үлкен абырой болар еді.

      Құрманбек ӘЛІМЖАН

Редакция таңдауы

Неслихан ӨЗТҮРІК: Мұстафа Өзтүріктің қызы болу – зор жауапкершілік

Мұстафа Өзтүрік есімін білмейтін қазақ жоқ. Таэквондодан қара белбеу иегері. Халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы. Өз ұлтын шексіз сүйген оғлан атажұртқа келіп, Қазақстандағы таэквондо (WTF) федерациясының...

Бельгердің бағасы

Үмітіңді үкілеген тұңғыш кітабыңның қуанышы жүрегіңді қалай жылытса, ол туралы баспасөз бетінде білдірген алғашқы пікір одан бетер жаныңа ыстық. Қара ормандай қаптаған оқырман түгіл,...

Тағзым мен тағылым ордасы

Еліміздегі техникалық жабдықтамасы озық музей­лер­дің бірі – Әскери-тарихи музейі. Ондағы экс­по­зициялар келген туристерді таң-тамаша қалдырады. Өйткені мұнда түрлі дәуірлердің тарихынан сыр шертетін әс­кери жәдігерлер...

«Аңсаған сәби»: квотаны неге мамандар емес, тендерлік комиссия бөледі?

Осыдан 43 жыл бұрын 1978 жылғы 25 шілдеде Ұлыбританияда ең алғашқы «құтыдағы» эко-бала Луиза Браун дүниеге келді. Бұл ғылыми жаңалық сәби сүюді аңсаған миллиондаған...
00001 0

Елбасы Түркістан туралы: Біз тіпті армандамаған ауқымды істі жүзеге асырдық!

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Түркістан қаласын өркендетудегі Елбасының...
black and red kyobi arts cool presentation 14

Неслихан ӨЗТҮРІК: Мұстафа Өзтүріктің қызы болу – зор жауапкершілік

Мұстафа Өзтүрік есімін білмейтін қазақ жоқ. Таэквондодан қара белбеу иегері. Халықаралық дәрежедегі...
Бельгер

Бельгердің бағасы

Үмітіңді үкілеген тұңғыш кітабыңның қуанышы жүрегіңді қалай жылытса, ол туралы баспасөз бетінде...

Жаңалықтар

«Бүркітке тұрмысқа шығар алдында, Исламды қабылдап, Аиша атандым» – танымал өнер жұбы сырын айтты

Бүркіт пен Аиша Ләйлә Сұлтанқызымен болған сұхбатта бұрын айтылмаған сырларымен бөлісті. Сұхбат барысында Аиша Ислам дініне қалай бет бұрғанын айтты. Stan.kz сайтының жазуынша, Аиша...

Бір өңірінде карантин 30 мамырға дейін ұзартылды

Шығыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері аймақтағы шектеу шаралары туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды облыстық ССК ресми сайты. Құжаттың мәтініне сәйкес, ШҚО-да карантин...

Экс-министр Біртанов тағы бір іс бойынша күдікке ілінді

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов тағы бір іс бойынша күдікті деп танылды. Ақпаратты экс-министрдің адвокаты Нұрлан Бейсекеев растады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Адвокаттың айтуынша, 11...

Air Astana: Әуе билеттері 50 пайыз жеңілдікпен сатылады

14-16 мамыр аралығында Air Astana әуе компаниясынан 50% жеңілдікпен Батуми, Бішкек, Душанбе, Киев, Ташкент, Тбилиси және Франкфурт қалаларына билет сатып алуға болады. Air Astana авиакомпаниясы...

Сәкен Майғазиев 91 тобының экс-солисі мен Ерке Есмаханның некелескеніне қатысты пікір айтты

Азамат Зенкаев пен Ерке Есмахан некелесіп, ерлі-зайыпты атанды. Бірақ бұл жаңалықты екеуі де жария еткен жоқ. Бұл туралы "Опмай-опмай" бағдарамасында айтылды, - деп хабарлайды stan.kz. Ерке жолдасынан...

«Америка үшін ұлы күн». Байден көпшілік алдында маскасын шешті

АҚШ президенті Джо Байден маскасын шешіп, бүгінгі күнді Америка үшін ұлы күн деп жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Reuters-ке сілтеме жасай отырып. АҚШ ауруларды бақылау...

Еліміздің кей аймақтарында 39 градус ыстық болады

Еліміздің 3 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып. 15 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі....

Нұр-Сұлтан мен Алматыда құжат жеткізу қызметі іске қосылды

"Азаматтарға арналған үкімет" Алматы мен Нұр-Сұлтанда дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметін іске қосты, деп хабарлайды holanews.kz ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сервисте 144 қызмет бар,...

Зейнетақының орташа мөлшері 100 мың теңге болды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл басынан бері базалық зейнетақыны төлеуге 274,2 млрд теңге бөлінгенін хабарлады. 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша елдегі зейнеткерлердің...

Еліміздегі «еститін» министрліктердің рейтингі жарияланды

Ұлттық экономика министрлігі, Энергетика министрлігі және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидатын ұстанатын министрліктердің рейтингісінде көш бастады, деп хабарлайды...

ҰБТ-да 137 балл жинаған түлек мұғалім болуды армандайтынын айтты

"Ұлттық бірыңғай тестілеу – әрбір түлектің өміріндегі маңызды қадам. Дегенмен, негізгі мақсат – ҰБТ-ны жақсы тапсыру ғана емес, бастысы – өмірде өз орныңды тауып,...

«Бақытты келіншек» кітабы жарық көрді

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында журналист, телепродюсер, PhD докторы, көпбалалы ана Алма Сайлауқызының «Бақытты келіншек» кітабының тұсаукесері болып өтті. Деректі-мотивация жанрында жазылған бұл бірегей туындының тұсаукесері...

«Басын аялдамаға ұрған». Алматы облысында жасөспірім қызды аяусыз ұрып-соққан әйелдер іздестіріліп жатыр

13 мамыр күні кешқұрым Алматы маңында 16 жастағы қызды екі ересек әйел ұрып-соққан, - деп хабарлайды tengrinews.kz. Оқиға сағат 18:35 шамасында Боралдай кентінде Космонавттар көшесіндегі...

Грузияда қаза тапқан Әсел Айтпаевамен қоштасуға бүкіл ауыл жиналды

Грузия астанасында қайтыс болған 26 жастағы Әсел Айтпаеваның денесі жер қойнына берілді.  Оны ақтық сапарға шығарып салуға бүкіл ауыл тұрғындары келді, деп хабарлайды КТК. Басқа...

Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова отставкаға кетуі мүмкін екенін мәлімдеді

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова орынбасары Сәкен Мұсайбековтің кінәсі дәлелденсе, отставкаға кету туралы өтініш беретінін айтты. Бұл туралы ол 14 мамырда өткен баспасөз...

60 млн теңге пара алған Антикор қызметкері 12 жылға сотталды

Антикор қызметкері 12 жылға сотталды. Сондай-ақ, ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме...

Үндістан Қазақстанның гуманитарлық көмегін алды

Қазақстан Үндістанға гуманитарлық көмек ретінде жеке қорғаныс құралдары мен өкпені жасанды желдету аппараттарын жіберді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады. Жүк рейсі Делиге 14 мамырда...

Пабло Пикассоның суреті Нью-Йорктегі аукционда 103 миллион долларға сатылды

Пабло Пикассоның суреті Нью-Йорктегі аукционда 103 миллион долларға сатылды, деп хабарлайды echo.msk.ru. Аукционды "Кристи" аукцион үйі өткізді. Сауда-саттық басталар алдында сарапшылар "Терезе алдында отырған әйел"...

Маусым айынан бастап Алакөлге қосымша пойыздар қатынайды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алакөл бағытында қосымша жазғы пойыздар іске қосылатынын мәлімдеді. 17 маусымнан бастап №457/458 «Семей-Достық» пойызы күнара қатынайды. Семей станциясынан – тақ күндері,...

Токио Олимпиадасына 53 лицензия жеңіп алдық – министр

Токиода өтуі тиіс жазғы Олимпиада ойындарында еліміздің спортшылары спорттың 30 түрі бойынша ел намысын қорғайды. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова бүгінге дейін 53 лицензия жеңіп...

Алматыда көлікпен жарысқан жастарға 1,6 млн теңге айыппұл салынды

Алматыда түнде жарыс ұйымдастырған жүргізушілерге 1,6 млн теңге айыппұл салынды. Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденовтың айтуынша, мұндай жарыстарды көбіне жастар ұйымдастырады. «Жастар қауіп төндіріп,...

Коронавирус: ғалымдар мұрынға себетін вакцина қашан тіркелетінін айтты

Ресейдің Гамалея орталығының ғалымдары әзірлеген коронавирусқа қарсы мұрынға себілетін вакцина 2021 жылдың соңында – 2022 жылдың басында клиникалық зерттеуге шығарылады. Орталық директоры Александр Гинцбург препарат...

«Ректорлар тізімі»: министр докторантураға түсу мәселесі туралы айтты

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биыл докторантураға түсу емтихандары Ұлттық бірыңғай тестілеу пунктерінде өтетінін айтты. «Биыл докторантураға түсу емтихандары да ҰБТ-ға қойылған талаптар негізінде...

NASA диаметрі 200 метр астероидтың жерге жақындағанын ескертті

АҚШ-тың Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі Ұлттық басқармасы (NASA) диаметрі 88-ден 200 м-ге дейінгі астероидтың жерге жақындағанын ескертті, деп хабаррлайды ТАСС агенттігі. NASA-ның жерге...

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 2,5 мыңнан асты

Қазақстанда өткен тәулікте 2549 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 452, Алматы қаласы - 557, Шымкент қаласы - 125, Ақмола облысы -...

14 мамыр: маңызды оқиғалар күнтізбесі

1869 жылы 14 мамырда Ақтөбе қаласының іргетасы қаланды. 1869 жылдың 28 мамырында (ескіше қазақ күнтізбесі) басталған. Бұл күні «Ақтөбе» деп аталған әскери бекінісінің негізі...

Анасымен ұрсысып қалған: Таразда мектеп оқушысы үйінен қашып кетті

Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қыздың жоғалғанын полицияға анасы хабарлаған. Жасөспірім отбасындағы жанжалдан кейін үйден шығып кеткен, содан қайтып оралмаған. «Кәмелет жасына толмаған қызды Жамбыл...

БҚО-да киіктер неден қырылуы мүмкін – министрлік пікір білдірді

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Батыс Қазақстан облысында киіктердің жаппай қырылуының болжамды себебін атады. 2021 жылдың...

Сот шешімі: Атырауда анасына қол көтерген азамат қамалды

Атырауда анасын ұрған ер адам 10 күнге қамалды. Облыстық полиция департаментiнің мәліметінше, 46 жастағы ер адам ішімдікке «тойып» алып, анасы қол көтерген. «Егде жастағы әйелден «102»...

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

«Қазгидромет» РМК 14-мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бүгін солтүстік-батыс антициклоны әсерінен еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады. Тек республиканың солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің...

Үш жүз жетпістен аса ақбөкен неден қырылды?..

«Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында өліп жатқан 372 ақбөкен табылды. Алдын ала болжам бойынша оларды жасын соғып өлтірген», − деп жазады azh.kz сайты. − Біздің...

Шығынға батқан қазақстандық әуе компанияларында қысқарту жүре ме?..

Биыл Қазақстанда авиация саласының шығыны 47,7 млрд долларға жетуі мүмкін. Еліміздегі әуе компаниялардың қаржылық көрсеткіштері осындай болжам жасауға мүмкіндік беріп отыр. Өткен жылы басталған пандемиядан...

Тағы біреу қазақ еліне аузына келгенін айтты және… кешірім сұрады!

Кейінгі кезде өзге ұлт өкілдерінің арасында қазаққа, Қазақстанға тіл тигізген бейнежазбасын әлеуметтік желіге таратып, кейін өкінетінін айтып кешіріп сұрап -  қайта бейнеүндеу жасай салуы...

Елбасы Түркістан туралы: Біз тіпті армандамаған ауқымды істі жүзеге асырдық!

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Түркістан қаласын өркендетудегі Елбасының еңбегі туралы жазды. Елбасының Түркістанға сапарының бағдарламасы өте мазмұнды болды. Үш жарым...

Қазақстандықтардың банктерден алған кредиттері тағы кешіріле ме?

Бұрын мемлекет бір реттік акция жүргізіп, әрбір қарыз алушының 300 мың теңге мөлшеріндегі борышын өтеуге қаржы бөлген-ді. «Дәндеген қарсақ құлағымен ін қазады» демекші, содан...

Телеграм мессенджерінің иесі Қазанда болған қайғылы оқиға жайында ойын айтты

Осы аптада Қазан қаласы Файзи көшесіндегі № 175 гимназияда қарумен келген 19 жастағы жігіт 8 сынып оқушыларына оқ жаудырып, соның салдарынан сегіз оқушы мен...

Депутат: Ұлттық Қордан қаражат алу – болашақ ұрпақтың несібесін жеумен тең

Депутат Азат Сембинов Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Әлихан Смаиловқа депутаттық сауал жолдап, Ұлттық қордағы қаражат мәселесін көтерді, - деп хабарлайды kazgazeta.kz. Депутаттың айтуынша,...

Риддердегі өртті сөндірген құтқарушы: Киіміміз өртеніп, каскамыз балқыса да, тоқтамадық

Риддердегі алапат өртті ауыздықтағандардың бірі – №14 өрт сөндіру бөлімшесі бастығының орынбасары Ұлан Нұрмұхамбет. Азаматтық қорғаныс аға лейтенантымен ҚазАқпарат тілшісі сұхбаттасып, тілсіз жаумен қалай...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан Президенті Ашраф Ғанимен телефон арқылы сөйлесті

Ауған тарапының бастамасымен телефон арқылы сөйлескен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ашраф Ғани бір-бірін қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтады. Мемлекет басшысы достас ауған халқына бейбітшілік пен...

Қызғалдақ жұлған Шымкент тұрғынының айыппұлы азайтылды

Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін қызғалдақты жұлған шымкент тұрғынына 9 миллион теңге айыппұл салынуы мүмкін деген ақпарат тараған болатын. Tengrinews.kz тілшісі іс немен аяқталғанын...

СҚО-да ер адам ауылдасының үйін өртеп жіберген

СҚО-да мас ер адам ауылдасының үйін өртеп жіберді, деп хабарлайды dknews.kz. 10 мамырға қараған түні М.Жұмабаев ауданында өрт шығып, Қарақоға ауылындағы тұрғын үйлердің бірі жанып...

Қазанда атыс ұйымдастырған Ильназ Галявиевтің денсаулығында кінәрат болған

Қазан мектептерінің бірінде атыс ұйымдастырған студентке өткен жылы мидың атрофиясы диагнозы қойылған. Бұл дерт дауасыз саналады, уақыт өте келе мидың жасушалары өліп, нейрондардың байланысы бұзылады. Медицина...

Неслихан ӨЗТҮРІК: Мұстафа Өзтүріктің қызы болу – зор жауапкершілік

Мұстафа Өзтүрік есімін білмейтін қазақ жоқ. Таэквондодан қара белбеу иегері. Халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы. Өз ұлтын шексіз сүйген оғлан атажұртқа келіп, Қазақстандағы таэквондо (WTF) федерациясының...

Ashyq: Шетелден кімдер ПТР-тестсіз келе алады?

Ashyq қосымшасы бойынша жасыл түс статусы бар азаматтар шетелден келген жағдайда да ПТР-тест тапсырмауына болады, деп хабарлады ҚазАқпарат. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті көліктегі...

Әуеде екі ұшақ соқтығысты

АҚШ-та екі шағын ұшақ қонар алдында соқтығысқан. Бірақ, екі әуе кемесі де сәтті қонып, қайғылы оқиға болған жоқ, - деп хабарлайды newdaynews.ru. АҚШ-тың көлік қауіпсіздігі...

Нұр-Сұлтан тұрғындары «Өз ағашыңды отырғыз» челленджін бастады

1 ағаш 1 жылда ауаны 27 кг ластанудан тазарта алады. «Бірге Таза Қазақстан» экологиялық айлығы аясында елорда тұрғындары тазалық пен денсаулыққа қамқорлық жасай отырып,...

Жылдың ең табысты спортшысы анықталды

Forbes журналы жылдың ең табысты спортшыларының рейтингін жариялады, деп хабарлады 24.kz  Prosports.kz сайтына сілтеме жасап. Тізімде UFC файтері Конор Макгрегор көш бастап тұр. Ирландиялық...

Жүкті әйелдер жәрдемақыны үйден шықпай рәсімдей алады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Электрондық еңбек биржасы (бұдан әрі – ЭЕБ) порталында жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік...

Оралда шашын боятуға барған әйел жансақтау бөліміне түсті

Орал қаласының тұрғыны салонда шашын боятамын деп жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Әйелдің айтуынша, салон қызметкерлері алдын ала тексеріс жасамай, шашын бояған. «Уральская неделя» басылымының жазуынша, Зульфия...

Денесін күйік шалып, көз жұмды: әкесі 3 жасар қызын қайнаған суда отыруға мәжбүрлеген

Ливияның Адждабия қаласында үш жасар қызды әкесі бір сағаттан астам уақыт қайнаған суға отыруға мәжбүрлеген. Oл осылайша баланың диареясын емдегісі келіпті. Kznews.kz сайтының жазуынша, алдымен әкесі...

Орталық Азия елдері су жинау лимитін бекітті

Орталық Азия елдері су жинау лимиттерін және Нарын-Сырдария су қоймаларының вегетациялық кезеңге арналған жұмыс режимін бекітті. Мемлекет аралық су шаруашылығы үйлестіру комиссиясының 80-отырысы бейнеконференция форматында...

Қуатты қаламгер

«Көңіл аудар даналардың сөзіне, адал жанды өнеге тұт өзіңе» деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, бүкіл өмірі үлгі бол­ған жақсының жақсы ісін айту, оны өмірге өнеге...

Бельгердің бағасы

Үмітіңді үкілеген тұңғыш кітабыңның қуанышы жүрегіңді қалай жылытса, ол туралы баспасөз бетінде білдірген алғашқы пікір одан бетер жаныңа ыстық. Қара ормандай қаптаған оқырман түгіл,...

Еліміздің 6 өңірі «қызыл» аймақта тұр

13 мамырдағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары. «Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы,...

Тағзым мен тағылым ордасы

Еліміздегі техникалық жабдықтамасы озық музей­лер­дің бірі – Әскери-тарихи музейі. Ондағы экс­по­зициялар келген туристерді таң-тамаша қалдырады. Өйткені мұнда түрлі дәуірлердің тарихынан сыр шертетін әс­кери жәдігерлер...

«Аңсаған сәби»: квотаны неге мамандар емес, тендерлік комиссия бөледі?

Осыдан 43 жыл бұрын 1978 жылғы 25 шілдеде Ұлыбританияда ең алғашқы «құтыдағы» эко-бала Луиза Браун дүниеге келді. Бұл ғылыми жаңалық сәби сүюді аңсаған миллиондаған...

Тұғыры берік Түркістан идеясы

Түркістан деген бір сөздің бойында мыңдаған жыл мен миллиондаған халықтың тарихы тұр. Ол − бір кезде тұтас Еуразия құрлығына әмірін жүргізген империялар мен бүгінгі...

Фракция – партияның сенімді тірегі

Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы­нан соң жоғары заң шығарушы және жергілікті уәкілетті органдарда «Nur Otan» партиясының жаңа депутаттық фрак­циясы қалыптасты. Бас партияның...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1992 жылғы 13 мамырда Қазақстан мен Финлян­дия Республикасы арасын­дағы дип­ло­матиялық қарым-қаты­настарды бекіту туралы келісім жасалды. 1992 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасы Пре­зиденті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Ұлттық...

Білімнің бәсі биік болмаса…

Отыз жыл ішінде еліміздегі орта білім беру жүйесінде біраз реформа болды. Әсіресе соңғы 5 жылда білім саласына айтарлықтай көп өзгеріс енді. Атқарылған жұ­мыстар еленіп...

Бүгін Түркіменстаннан қандастардың екінші керуені көшіп келеді

2021 жылғы 13 мамырда Түркіменстан Республикасынан 256 қандасымыз «Түрікмендемиреллары» мемлекеттік агенттігі арқылы «Түрікменбашы-Болашақ-Жаңаөзен» бағыты бойынша Қазақстанға көшіп келеді. Бұл Түркіменстан жерінен атажұртқа ат басын бұрған көштің...

Сұрапыл кезеңде шыныққан әдебиет

Кеңестік кезеңде өзге гуманитарлық салалар сияқты көркем әдебиет те қатты саясиланған еді. Яғни, Кеңес үкіметінің саяси шешімдерінің бәрі әде­биетте көрініс тауып қана қоймай, насихатталып...

Ізгілікке үндейтін мейрам

Ораза айт – жүрекке қуаныш пен мейірім сыйлайтын, адамзат баласын ізгілікке, достық пен бауырластыққа, қанағат пен қайырымдылыққа үндейтін мейрам. Айт сөзі – мерекелеу, хал сұрасу,...

Ата-анасы қасында болмаған: Ақтөбеде 5-6 жасар екі бала суға батып кетті

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайдар департаментінің кезекші бөліміне хабарлама 12 мамыр күні сағат 22:29-да түсті. Хабар берген адам 5 және 6 жасар екі баланың Ақтөбе...

Талайғы Түркістан. Елбасы көне шаһардағы жаңа нысандармен танысты

Түркістан – қашан да күллі түркі жұр­­тының алтын бесігі. Көне шаһар облыс орталығын ай­нал­ғалы көп өзгерді. Тарихи қаланы көр­мек­ке жан-жақтан ағылған­дар­дың қара­сы қалың. Елбасы Нұрсұлтан...

Мемлекет басшысы жер қатынастарына қатысты заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, – деп хабарлады...

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

13 мамырда Қазақстанның батыс, шығыс және солтүстік-шығыс бөліктерінде құбылмалы ауа райы сақталады: жаңбыр жауып, найзағай болады, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Республиканың қалған аймақтары...

13 мамыр: еліміздің тарихындағы маңызды оқиғалар күнтізбесі

1930 жылы 13 мамырда СССР ХКК қаулысымен ҚарЛаг құрылды. Ол үшін Қарқаралы округінің аумағында 110 мың гектар жер берілді. Қарағанды лагері басқармасы Қарағандыдан 47...

Президент халықты Ораза айт мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады, – деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. «Ардақты ағайын! Баршаңызды Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Рухани тазару мен...

Нұрсұлтан Назарбаев: Ораза айт барша қазақстандықтарды біріктіретін мереке

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтады, – деп хабарлады elbasy.kz. «Құрметті отандастар! Сіздерді Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Ұлық мереке...

Мемлекет басшысы Жапонияның Премьер-Министрімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның Премьер-Министрі Ёшихидэ Сугамен телефон арқылы сөйлесті, – деп хабарлайды Ақорда. Екі ел басшыларының бірінші рет сөйлесіп отырғанын ескеріп, Қасым-Жомарт Тоқаев...

Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға қатысты жаңа ережелер

Қазақстандықтар тұрғын үй сатып алу үшін берген несие ақшасын жұмыс берушіге қайтару үшін зейнетақы төлемдерін пайдалана алады деп хабарлайды stan.kz сайты. Сатып алынған мүлік несие...

Қазақстан коронавируспен күреске 71 млрд теңге жұмсады

Қазақстан биыл коронавируспен күреске 71 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Оның көбі медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеуге, медициналық көмек пен аурудың таралуын болдырмау шараларына жұмсалған...

Сұйытылған мұнай газы электронды сауда арқылы сатылады

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап сұйытылған мұнай газы электронды сауда алаңдары арқылы сатылады. ҚР Энергетика министрлігі 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап тауарлық газдың шекті көтерме...

Қытайдың халық саны 1,41 млрд болды

ҚХР Мемлекеттік статистикалық басқармасы бүгін Қытай тұрғындарының саны 1,41178 млрд адамға жеткенін мәлімдеді деп хабарлайды Қазақпарат. «Құрлықтық Қытайда халық саны 1,41178 млрд адамға жетіп, 2020...

Марат Сұлтанғазиев Қаржы вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды. Марат Сұлтанғазиев 1976 жылы Алматы...

Қаржы вице-министрі қызметінен босатылды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Қанат Ескендірұлы Баеділов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қаржы вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды. Қанат Баеділов 1967...

Мемлекеттік кірістер комитетіне жаңа басшы тағайындалды

ҚР Премьер-Министрдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қаржы министрінің бұйрығымен Әли Сапарғалиұлы Алтынбаев ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Әли Алтынбаев 1979 жылы...

Қарағандыда терезеден құлап кеткен мем.қызметкердің өлім себебі анықталды

Қарағандыда қалалық әкімдік ғимаратының терезесінен құлап кеткен 37 жастағы қызметкердің өлім себебі анықталды. Жазатайым оқиғаны тергеп-тексерумен Қарағанды облысының Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы құрған арнайы комиссия...

Түркістан депутаттары 300-ден астам отбасыға азық-түлік үлестірді

Қасиетті Рамазан айында Түркістан облысы,  Сарыағаш ауданында игі іс атқарылды.  «30 ізгі іс» акциясы аясында Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясының мүшесі Жомарт...

Көкшетауда із-түзсіз жоғалып кеткен мұғалім іздестірілуде

Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне СҚО ауылдарының бірінің 53 жастағы тұрғыны хабарласып, 1989 жылы туған ұлы Бақтияр Талғатұлы Теміржановтың хабарсыз кеткеннін айтқан. Өтініш иесінің...

Bek Air ұшағының апаты: Жерді заңсыз сатқандар сотталды

Алматы облысының Талғар аудандық соты бұрынғы шенеуніктер мен риэлторға Bek Air ұшағы апат болған Алматы әуежайының жанынан жерді заңсыз бөліп беру ісі бойынша үкім...

2026 жылдан бастап Байқоңырдан «Протон» зымыран-тасығышы ұшырылмайды

Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Бағдат Мусин «Протон» зымыран-тасығышы ұшыру қай жылы толықтай тоқтайтынын айтты. Ресей тарапы «Байқоңыр» айлағынан «Протонды» ұшыруды қысқартып жатыр. «Жалпы,...

Түркістан облысында 5,5 мың бүлдіршін балабақша кезегін күтуде

Мәжіліс депутаты Қайнар Абасовтың төрағалығымен өткен кездесуде білім беру саласындағы кәсіпкерлер мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында нормативке сай төлем жүргізуге қаржы жетпейтінін айтып, мәселесін...

Бүгін – Халықаралық медбикелер күні

Медициналық мекемелердегі жұмыстың 80 пайыздан астамы медбикелердің мойнында. «Олар 24 сағат бойы пациенттерге қамқорлық жасайды – инфузия қояды, таңғышты ауыстырады, қысымды өлшейді, температурасы мен...

Депутат еңбек құқығы жөніндегі институт құруды ұсынды

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерлан Смайлов жаңа саяси институт – еңбек құқықтары жөніндегі уәкіл институтын құруды ұсынды. «Жалдамалы жұмысшылар, еңбек адамдары – халықтың ең көп...

Грузияда қаза тапқан Әсел Айтпаеваның денесі елге жеткізілді

Грузияда қаза тапқан 26 жастағы Әсел Айтпаеваның денесі бүгін Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды 24.kz. Марқұмды туыстары елорда маңындағы Қабанбай батыр ауылында жерлемек. Жас қыздың денесін...

Шымкентте қой бағып жүрген шопан граната тауып алды

Шымкент қаласында табылған гранатаға ұқсас жарылғышты полиция қызметкерлері залалсыздандырды, – деп хабарлады Polisia.kz. 11 мамыр күні жергілікті тұрғын қала аумағындағы ауылдардың бірінде қой бағып жүрген...

Екі айлық сәбидің өліміне қатысты тергеу ісі басталды

Солтүстік Қазақстан облысы Бәйтерек ауылында екі айлық сәбидің өлімі тіркелді. СҚО полиция департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға 7 мамыр күні болған. Қызылжар аудандық полиция бөліміне таңғы...

Биыл ел бойынша 9 822 оқушы «Алтын белгіге» үміткер

Енді «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткерлердің емтихан жұмыстарын білім басқармалары жанындағы комиссиялар қарайтын болады. Мектептер бұрынғыдай оқу озаттарының тізімін өздері жасай алмайды, деп хабарлайды БҒМ...

Енді күнбағыс майы мен жұмыртқаның бағасы белгіленген шекті бағадан аспайды

Ішкі нарықта әлемдік баға өсімінің әсерін азайту мақсатында ішкі нарықты отандық тауарлармен толықтыру жұмысы жүріп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Сауда және интеграция...

«Елжан Біртановты айыптауға қарсымын!». Әнші Қарақат Әбілдина үндеу жасады

Әнші Қарақат Әбілдина бұрынғы денсаулық министрі Елжан Біртановты жақтап, Instagram-дағы парақшасына көлемді жазба қалдырды, деп жазады Paryz.kz. Әнші Біртановқа жала жабылып отырғанына сенімді. "Жау алыстан келмейді" деген сөз...

1919 жылы Америкада хит болған: АҚШ мұрағатынан «Turkestan» атты ән табылды

1919 жылдары Америкада хит болған Turkestan әнінің пластинкасы АҚШ Конгресс кітапханасының архивінен табылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы ақпарат Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Instagram парақшасында...

ҚМДБ Айт намазына қатысты мәлімдеме жасады

ҚМДБ Ораза айт намазына қатысты мәлімдеме жасады. Сіздерге еліміз бойынша мешіттердің аулаларында Ораза айт намазы оқылатынын (Жергілікті бас санитар дәрігердің қаулысы бойынша рұқсат етілген) қуанышпен...

Өткен тәулікте 1 811 адамнан коронавирус анықталды

Елімізде өткен тәулікте 1 811 адамнан коронавирус анықталды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 310, Алматы қаласы - 391, Шымкент қаласы - 69, Ақмола облысы - 92,...

Қазандағы атыс: Жантүршігерлік дерек жарияланды

РЕН ТВ телеарнасы 19 жасар Ильназ Галявиев қазандағы мектепке шабуыл жасаған кезде жазылған аудиожазбаны жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Аудиожазбаны кабинеттердің бірінде тығылып отырған оқушы жазған. "Біз...

Әрқайсы 40 млн теңге: Ақтауда қоғамдық көліктер 95 пайыз жаңартылды

Ақтауда қоғамдық көліктер 95 пайыз жаңартылды. Отандық зауытта құрастырылған 18 автобус лизингтік бағдарлама арқылы қараша айында сатып алынған. Әрқайсы 40 млн теңге тұрады, -...

12 мамыр: Айтулы оқиғалар тізбегі

1995 жылы Ақтөбе қаласындағы көшеге ақын Сағи Жиенбаев есімі берілді. Ол 1955 жылы Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтын бітірген. Ақын қаламынан көптеген өлеңдер...

Павлодардағы колонияда көз жұмған педофил танымал блогер болып шықты

8 мамырда Павлодардағы түзеу мекемесінің тұтқындары арасында жанжал шығып, жазасын өтеушілердің бірі көз жұмған болатын. Қаза тапқан айыпталушы екібастұздық блогер болып шықты, деп хабарлайды...

«Біріккен ұлт жеңеді!» халықаралық байқауының жеңімпаздары анықталды

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті ел тәуелсіздігіне 30 жыл толуына және университеттің 25 жылдығына орай «Біріккен Ұлт жеңеді!» атты халықаралық бейне материалдар байқауын өткізді....