26 Қыркүйек 2016, 18:31 3930 0 Аймақ Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Әлихан Бөкейханов атындағы аудан пайда болады

Қарағандының Октябрьский ауданы Әлихан Бөкейхановтың есімімен аталатын болды.

«Жуырда Қарағанды облысы Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығын атап өтті. Оның туған жері, Ақтоғай ауданында Алаш Орда лидерінің ескерткіш мүсіні ашылды. Өңір басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков «Алаш алаңы» алаңындағы монументке гүл шоқтарын қойып, ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты», - делінген хабарламада.

Салтанатты шарада әкім жақын арада Қарағандыда Бөкейхановқа арналған ескерткіш ашылатынын мәлімдеді.

«Облыс орталығының Октябрьский ауданына Алаш Орда лидерінің есімі берілед» деді әкім. «Әлихан Бөкейхан қоғам және мемлекеттік қайраткері. Сонымен қатар ол ХХ ғасырдың зияткері, дарынды ғалым мен публицист болған. Ол саналы ғұмырын қазақ халқының еркіндігі үшін күреске арнады. Бүгінгі шара - бұл атаулы күнді тойлаудың бастамасы ғана»,- деп атап өтті Әбдібеков.

Әлихан Бөкейхановтың гипстен жасалған мүсіні Ақтоғай ауылындағы оның есімімен аталатын орта мектептің аумағында орналасқан. Оны Суретшілер одағының Қарағанды бөлімшесінің шеберханасында дайындады. Авторы - Виктор Арент. Мүсіннің биіктігі 3 метр.

1998 жылы Ақтоғайда «Үш арыс» Әлихан Бөкейханов, Жақып Ақбаев және Әлімхан Ермековке ескерткіш орнатылды. 2013 жылы монумент маңында «Алаш алаңы» алаңы абаттандырылды.

 

Соңғы жаңалықтар