Вакцина салдырған 16 адам коронавирус жұқтырды – ДСМ

Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті СOVID-19 инфекциясына қарсы вакцина салдырған 16 қазақстандық коронавирус жұқтырғанын айтты. 

«Қазіргі уақытта вакцинациядан кейін (бірінші және екінші кезең) коронавирус инфекциясын жұқтырған 16 жағдай тіркелді. Вакцинациядан кейін коронавирус жұқтырудың ең ұзақ мерзімі екінші компонентін салдырғаннан кейінгі төртінші аптада тіркелген», – деді ведомство өкілі.

Ведомство коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациядан кейінгі иммунитет екпенің екінші компонентін алған сәттен бастап алты аптадан кейін қалыптасатынын айтты.

Back to top button