Білім сайысы мәресіне жетті

2021 жылы сәуір айының алғашқы күндері күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жыл сайынғы дәстүрге айналған «Халықаралық Фараби оқулары» атты халықаралық ғылыми іс-шара өтті. Еліміздегі алдыңғы қатардағы жоғары оқу орны бұл шараны биыл сегізінші мәрте өткізіп отыр.
Бұл іс-шара аясында университеттік студенттер арасындағы БИЗНЕС-ИНКУБАТОР инновациялық жоба байқауы онлайн форматта ұйымдастырылды. Байқауға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың барлық факультеттерімен қатар жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті де белсене қатысты. Жоба конкурсына факультет атынан қатысқан қандастарымыз Кәсіп Ерқанат, Бақытәлі Сұңғыла және Берікбол Айжұлдыз жүлделі орынға ие болды. Өнерлі шәкірттерін дайындаған ғылыми жетекші жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушысы Айнагүл Үсенбекова.

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің ғылыми-иновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі декан орынбасары бұл жөнінде былай дейді: «Университеттің алғашқы іріктеуінен өткен 60-қа жуық ғылыми жобаның арасында жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің 6 жұмысы ақтық сынға түсті. Оны университет басшылары мен ғалымдарынан құрылған арнайы комиссия тыңдап, бағалады. Студенттер өз жобаларының мақсаты мен мазмұнын түсіндіріп және нәтижесін көрсетіп сәтті қорғады. БИЗНЕС-ИНКУБАТОР инновациялық жоба конкурсына қатысқан Кәсіп Ерқанат тері илеу өнерін көрсетіп, өзі жасаған тамақ салынған ыдыс салуға болатын «термос-қалта» жасады. Ол тамақтың температурасын 2-3 сағат бойы суытпай ұстап тұрады. Бақытәлі Сұңғыла киіз басу өнерінің жаңа әдісін көрсеттіп, одан оюмен өрнектелген телефон салуға арналған сумкасын және орындықтың үстіне қоятын көрпешесін ұсынды.

Ал, Берікбол Айжұлдыз тігіншілік өнерін әйгілеп, сыртында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бас ғимаратының суреті салынған қағаз құжаттар салуға болатын сумка және телефон астына қоюға арналған жастықшасын көрсетті. Осы жұмыстардың барлығы да үлкен қызығушылық тудырды.
Университет үздік бағаға ие болған жұмыстарға қаржылық қолдау көрсететін болды. Бұдан тыс қатысушылар өз өнімдерін университет жанындағы технопаркқа қойып сатуға шығаруға болатындығын айтты.

Back to top button